Байланысқан желілер
Желілік адаптерлер қосылған желілерді көрсетеді. Қосылған желілер опциясын Баптау > Желі қорғанысы бөліміндегі негізгі мәзірден табуға болады. Желі атауының астындағы сілтемені басқаннан кейін, сіз қосылған желіге арналған қорғаныс түрін таңдау сұралады.
Желі қорғанысын конфигурациялау терезесінде таңдауға болатын екі желіні қорғау режимі бар:
•Иә – Сенімді желі үшін (үй немесе кеңсе желісі). Компьютеріңіз және компьютеріңізде сақталған ортақ файлдар басқа желі пайдаланушыларына көрінеді және жүйелік ресурстар желідегі басқа пайдаланушылар үшін қолжетімді. Қауіпсіз жергілікті желіге қатынасу кезінде осы параметрді пайдалану ұсынылады.
•Жоқ – Сенімсіз желі үшін (жалпыға қол жетімді желі). Жүйеңіздегі файлдар мен қалталар желідегі басқа пайдаланушылармен бөлісілмейді не көрінбейді және жүйелік ресурстарды бөлісу ажыратылады. Сымсыз желілерге қатынасу кезінде осы параметрді пайдалану ұсынылады.
Келесі опциялардан таңдау үшін желі атауының жанындағы тісті дөңгелек белгішесін
басыңыз (сенімсіз желілер үшін тек Желіні өңдеу опциясы қол жетімді):
•Желіні өңдеу – Желі өңдегішті ашады.
•Желіні желі инспекторымен қарап шығу – Желіні қарап шығу үшінЖелі инспекторын ашады.
•«Менің желім» белгісін қою – Желіге «Менің желім» белгісін қосады. Бұл белгі жақсырақ анықтау және қауіпсіздік шолуы үшін ESET Smart Security Premium қолданбасының барлық бөліктерінде желінің жанында көрсетіледі.
•«Менің желім» белгісін алу – «Менің желім» белгісін алып тастайды. Желіге бұған дейін белгі қойылғанда ғана қол жетімді.
Әр желілік адаптерді және оған тағайындалған брандмауэр профилін және сенімді аймақты көру үшін Желілік адаптерлер түймесін басыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты Желілік адаптерлер бөлімінен қараңыз.
