ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Кіріс байланыс

Кіріс Интернет қосылымының мысалы:
Компьютеріңіздегі бір бағдарламамен байланыс орнатуға әрекеттеніп жатқан қашықтағы компьютер.

Бағдарлама – Қашықтағы компьютер байланысқан бағдарлама.

Компания – бағдарламаның жариялаушысы.

Бедел – ESET LiveGrid® технологиясы арқылы алынғанға сай қолданбаның беделі.

Қызмет — қазіргі уақытта компьютерге іске қосылған қызметтің атауы.

Қашықтағы компьютер – Компьютердегі бағдарламамен байланыс орнатуға тырысып жатқан қашықтағы компьютер.

Жергілікті порт – Байланыс үшін пайдаланылатын порт.

Әрқашан сұрау - Егер ереже үшін әдепкі әрекет Сұрау деп орнатылған болса, диалогтық терезе сол ереже іске қосылған сайын көрсетіледі.

Қолданба шыққанша есте сақтау - ESET Smart Security Premium таңдалған әрекетті келесі қайта іске қосуға дейін есте сақтайды.

Ережені жасау және біржола есте сақтау — Байланысқа рұқсат ету немесе қабылдамау алдында осы опцияны таңдасаңыз, ESET Smart Security Premium бағдарламасы әрекетте есте сақтайды және оны бағдарламаға қашықтағы компьютер қайтадан байланысса пайдаланады.

Рұқсат ету – Кіріс байланысқа рұқсат етеді.

Тыйым салу – Кіріс байланысқа тыйым салады.

Кеңейтілген опциялар – Сізге ереже сипаттарын теңшеуге мүмкіндік береді.