ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

IPv4 мекенжайын қосу

Бұл ереже қолданылатын қашықтағы нүктенің IP мекенжайын/мекенжай ауқымын/ішкі желісін қосуға мүмкіндік береді. Internet Protocol протоколының 4-нұсқасы ескірген, бірақ әлі де неғұрлым кеңінен қолданылатын нұсқа болып табылады.

Бір мекенжай - Ереже қолданылатын жеке бір компьютердің IP мекенжайын қосады (мысалы, 192.168.0.10).

Мекенжайлар ауқымы - Ереже қолданылатын IP ауқымын (бірнеше компьютердің) көрсету үшін бірінші және соңғы IP мекенжайын енгізіңіз (мысалы, 192.168.0.1 және 192.168.0.99 аралығы).

Ішкі желі - Ішкі желі (компьютерлер тобы) IP мекенжайы мен бүркеніш бойынша анықталады.

Мысалы, 255.255.255.0192.168.1.1 және 192.168.1.254 мекенжайлар ауқымын білдіретін 192.168.1.0/24 префиксі үшін желілік бүркеніш.