Брандмауэр профильдері
ESET Smart Security Premium брандмауэрінің әрекетін басқару үшін профильдерді пайдалануға болады. Брандмауэр ережесін жасағанда немесе өңдегенде, оны нақты профильге тағайындауға немесе оны әрбір профильге қолдануға болады. Профиль желілік интерфейсте белсенді болса, тек ғаламдық ережелер (профиль көрсетілмеген ережелер) және сол профильге тағайындалған ережелер ғана қолданылады. Брандмауэрдың мінез-құлқын оңай өзгерту үшін желілік адаптерлерге тағайындалған немесе желілерге тағайындалған әр түрлі ережелері бар бірнеше профильді жасауға болады.
Профильдер тізімі жанында Өңдеу түймесін басып, профильдерді өңдеуге болатын Брандмауэр профильдері терезесін ашыңыз.
Желілік адаптерді өзі қосылған нақты желі үшін конфигурацияланған профильді пайдалануға реттеуге болады. Сондай-ақ, Кеңейтілген баптау (F5) > Желіні қорғау > Белгілі желілер > Өңдеу тармағында нақты желіде пайдалану үшін белгілі бір профильді тағайындауға болады. Белгілі желілер тізімінде желіні таңдаңыз және Брандмауэр профилі ашылмалы мәзірінен белгілі бір профильге брандмауэр профилін тағайындау үшін Өңдеу түймешігін басыңыз.
Егер сол желіде тағайындалған профиль болмаса, онда адаптердің әдепкі профилі пайдаланылады. Егер адаптер желінің профилін пайдаланбауға реттелген болса, ол қосылған желіге қарамастан оның әдепкі профилі пайдаланылады. Егер желі немесе адаптер конфигурациясы үшін профиль болмаса, ғаламдық әдепкі профиль пайдаланылады. Желілік адаптерге профиль тағайындау үшін желілік адаптерді таңдаңыз, Желілік адаптерлерге тағайындалған профильдер жанында Өңдеу түймешігін басыңыз, таңдалған желілік адаптерді өңдеңіз және Әдепкі брандмауэр профилі ашылмалы мәзірінде профильді таңдаңыз.
Брандмауэр басқа профильге ауысқанда, экраныңыздың төменгі оң жақ бұрышында хабарландыру көрінеді.
