Брутфорс шабуылынан қорғау
Брутфорс шабуылынан қорғау мүмкіндігі RDP және SMB қызметтерінде құпия сөзді жорамалдау әрекеттерін блоктайды. Брутфорс шабуылы – дұрыс комбинацияны табу үшін әріптердің, сандардың және таңбалардың барлық комбинацияларын жүйелі түрде қолдану арқылы көзделген құпия сөзді анықтау әдісі. Брутфорс шабуылынан қорғауды конфигурациялау үшін негізгі бағдарлама терезесінде Баптау > Кеңейтілген баптау (F5) > Желіні қорғау > Желіні шабуылдан қорғау > Брутфорс шабуылынан қорғау түймешігін басыңыз.
Брутфорс шабуылынан қорғауды қосу – ESET Smart Security Premium өнімі желілік трафик мазмұнын қарап шығады және құпия сөзді жорамалдау әрекеттерін блоктайды.
Ережелер – кіріс және шығыс желі қосылымдарының ережелерін жасауға, өңдеуге және қарауға мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Ережелер тарауынан көріңіз.

