Қызметтік сценарий
Қызметтік сценарийі жүйеден қалаусыз нысандарды оңай алып тастау арқылы ESET SysInspector пайдаланатын тұтынушыларға көмек көрсетеді.
Қызметтік сценарий пайдаланушыға бүкіл ESET SysInspector журналын немесе оның таңдалған бөліктерін экспорттауға мүмкіндік береді. Экспорттаудан кейін қалаусыз нысандарды жойылсын деп белгілеуге болады. Содан кейін белгіленген нысандарды жою үшін өзгертілген журналды іске қосуға болады.
Қызметтік сценарий жүйелік мәселелерді диагностикалауда тәжірибесі бар озық пайдаланушылар үшін жасалған. Сәйкес емес өзгертулер операциялық жүйенің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Мысал Егер компьютерге антивирус бағдарламасы таппаған вирус жұққан деп күмәндансаңыз, төмендегі қадамдық нұсқауларды орындаңыз: 1.Жаңа жүйе суретін жасау үшін ESET SysInspector құралын іске қосыңыз. 2.Сол жақ бөлімдегі (ағаш құрылымда) бірінші элементті таңдап, Shift пернесін басып, барлық элементтерді белгілеу үшін соңғы элементті таңдаңыз. 3.Таңдалған нысандарды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қызметтік сценарийге таңдалған бөлімдерді экспорттау опциясын таңдаңыз. 4.Таңдалған нысандар жаңа жұрналға экспортталады. 5.Бұл бүкіл процедурадағы ең шешуші қадам: жаңа жұрналды ашып, жойғыңыз келетін барлық нысандар үшін - төлсипатын + төлсипатына өзгертіңіз. Ешқандай маңызды операциялық жүйе файлдарын/нысандарын таңбаламағаныңызға көз жеткізіңіз. 6.ESET SysInspector ашып, Файл > Қызметтік сценарийді орындау тармағына өтіп, сценарий жолын енгізіңіз. 7.Сценарийді орындау үшін OK түймешігін басыңыз. |