ЖҚС
ESET SysInspector Іске қосу үшін әкімші артықшылықтарын талап етеді ме?
ESET SysInspector іске қосылу үшін әкімшілік артықшылықтарды қажет етпегенімен, жинақтардағы кейбір деректерге тек әкімші есептк жазбасынан кіруге болады. Оны стандартты пайдаланушы немесе шектеулі пайдаланушы ретінде іске қосу операциялық орта туралы аз ақпарат жинауға алып келеді.
ESET SysInspector Журнал файлын жасай ма?
ESET SysInspector бағдарламасы компьютер конфигурациясының журнал файлын жасай алады. Мұндай жұрналды сақтау үшін бағдарламаның негізгі мәзірдегі Файл > Журналды сақтау түймешігін басыңыз. Журналдар XML пішімінде сақталады. Әдепкі мәні бойынша, файлдар %USERPROFILE%\Менің құжаттарым\ каталогында "SysInpsector-%COMPUTERNAME%-YYMMDD-HHMM.XML" файл атауымен сақталады. Қаласаңыз, тіркеу файлының орны мен атын сақтаудан бұрын басқаша етіп өзгерте аласыз.
ESET SysInspector Журнал файлын қалай көруге болады?
ESET SysInspector жасаған тіркеу файлын қарап шығу үшін бағдарламаны іске қосып, бағдарламаның негізгі мәзірдегі Файл > Журнал ашу түймешігін басыңыз. Сондай-ақ, файлдарды ESET SysInspector бағдарламасына апарып тастауға болады. Егер ESET SysInspector журнал файлдарын жиі көру керек болса, жұмыс үстелінде SYSINSPECTOR.EXE файлына тіркесімді жасау ұсынылады; журнал файлдарын көру үшін соған апарып тастауға болады. Қауіпсіздік себептері бойынша Windows Vista/7 жүйесі әр түрлі қауіпсіздік рұқсаттары бар терезелердің арасында апарып тастауға тыйым салуы мүмкін.
Тіркеу файлы пішімінің сипаттамасы бар ма? SDK ше?
Қазіргі уақытта тіркеу файлы үшін де, SDK бумасы үшін де сипаттама жоқ, өйткені бағдарлама әлі әзірленуде. Бағдарлама шығарылғаннан кейін, біз оларды тұтынушылардың кері байланысына және талаптарына қарай қамтамасыз ете аламыз.
ESET SysInspector Нақты нысан тудыратын қауіпті қалай бағалайды?
Көп жағдайларда, ESET SysInspector әр нысанның сипаттамасын тексеріп, зиянды әрекет ықтималдылығын бағалайтын бірқатар эвристикалық ережелерді пайдаланып, нысандарға (файлдар, үрдістер, тіркелім пернесі және т.с.с.) қауіп деңгейлерін тағайындайды. Осы эвристикаға негізделіп, нысандарға 1 - Жақсы (жасыл) – 9 - Қауіпті (қызыл) аралығындағы қауіп деңгейі тағайындалады. Сол жақтағы шарлау аумағында, бөлімдер ішіндегі нысанның ең жоғары қауіп деңгейіне қарай боялады.
«6 - белгісіз (қызыл)» қауіп деңгейі нысан қауіпті екенін білдіреді ме?
ESET SysInspector бағалары нысанның зиянды екеніне кепілдік бермейді, бұл шешімді қауіпсіздік сарапшысы қабылдауы керек. ESET SysInspector қауіпсіздік сарапшыларын жылдам бағалаумен қамтамасыз ету үшін жасалған. Осылайша сарапшылар жүйедегі қандай нысандарда әдеттен тыс әрекеттерді бақылау керек екенін біледі.
Іске қосқанда ESET SysInspector неліктен интернетке қосылады?
Көптеген бағдарламалар секілді, ESET SysInspector бағдарламасына «ESET» компаниясы шығарғанына және өзгертілмегеніне көз жеткізу үшін сандық қолтаңба – «куәлік» қолы қойылған. Куәлікті тексеру үшін операциялық жүйе бағдарламаны шығарушының мәліметтерін тексеруге куәлік орталығына хабарласады. Бұл Microsoft Windows жүйесіндегі барлық сандық қолтаңба қойылған бағдарламалардың қалыпты әрекеттері.
Ұрлыққа қарсы технология дегеніміз не?
Ұрлыққа қарсы технология руткитті тиімді табумен қамтамасыз етеді.
Егер жүйеге руткит секілді әрекет ететін зиянды код шабуыл жасаса, пайдаланушыға деректерді жоғалуы немесе ұрлануы қаупі туады. Руткитке қарсы арнайы құралсыз руткиттерді табу мүмкін емес дерлік.
Неліктен басқаша «Компания атауы» жазбасы бар файлдар кейде «MS қол қойған» деп белгіленеді?
Орындалатын файлдың сандық қолтаңбасын анықтауға әрекет жасағанда, ESET SysInspector алдымен файлға енгізілген сандық қолтаңба бар-жоқтығын тексереді. Егер сандық қолтаңба табылса, онда файл осы ақпараттың көмегімен тексеріледі. Файлда сандық қолтаңба табылмаса, «ESI» өңделген орындалатын файл туралы ақпаратты қамтитын сәйкес «CAT» файлды («Қауіпсіздік каталогы» - %systemroot%\system32\catroot) іздей бастайды. Тиісті CAT файлы табылған жағдайда, орындалатын файлды тексеру үрдісінде аталған CAT файлдың сандық қолтаңбасы қолданылады.
«MS қол қойған» деп белгіленген, бірақ басқа «КомпанияАтауы» жазбасы бар файлдардың болу себебі осы.