Браузерді қорғау функциясының рұқсаттар тізімі
Браузерді қорғау функциясының рұқсаттар тізімі қосылған файлдарды көрсетеді және басқаруға мүмкіндік береді. Рұқсаттар тізімі сенім білдірілмеген, демек, браузерлерге жүктелмейтін, бірақ белгілі бір функционалдығы үшін талап етілетін файлдарға ерекшеліктер жасау үшін қолданылады. Орнату > Кеңейтілген орнату > Қорғаныстар > Браузерді қорғау > Браузерді қорғау функциясының рұқсаттар тізімі > Өңдеу тармағынан келесі әрекеттерді орындауға болады:
Қосу — Тізімге файлының жолын қосады.
Сенім білдірілмеген блокталған файлдар Журнал файлдары > Браузерді қорғау журналына да жазылады, оларды тікелей файлды тінтуірдің оң жақ түймесімен басу арқылы рұқсаттар тізіміне қосуға болады. |
Өңдеу – таңдалған жазбаларды өңдеу мүмкіндігін береді.
Жою — Тізімнен элементті жояды.
Импорттау — Тізімді XML пішімінде импорттайды.
Экспорттау — Тізімді XML пішімінде экпорттайды.