ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Журнал файлдары

ESET Small Business Security Журнал жүргізу конфигурациясын Кеңейтілген орнату > Құралдар > Журналы файлдары бөлімінен таба аласыз. Журналдар бөлімі журналдар қалай басқарылатынын анықтау үшін пайдаланылады. Бағдарлама қатты дискіде бос орын сақтау үшін ескірек журналдарды автоматты түрде жояды. Журнал файлдары үшін келесі опцияларды көрсетуге болады:

Ең аз тіркеу мәліметтері – жұрналға енгізілетін оқиғалардың ең аз сөзбен толтыру деңгейін көрсетеді.

Диагностика – Бағдарламаны және жоғарыдағы барлық жазбаларды дәл реттеу үшін керек ақпаратты журналға тіркейді.

Ақпараттық – ақпараттық хабарларды, соның ішінде сәтті жаңарту хабарларын, сондай-ақ, барлық жоғарыдағы жазбаларды жазады.

Ескертулер - маңызды қателерді және ескерту хабарларын жазады.

Қателер – қателер, мысалы, «Файлды жүктеу қатесі» және маңызды қателер жазылады.

Сындарлы – Тек сындарлы қателерді (антивирустық қорғауды, Брандмауэрді іске қосу кезіндегі қате, т.б...) журналға тіркейді.


note

«Диагностикалық» сөзбен толтыру деңгейін таңдасаңыз, барлық блокталған байланыстар жазылады.

(Күндер) күннен бұрынғы жазбаларды автоматты түрде жою өрісіндегі көрсетілген күндер санынан бұрынғы журнал жазбалары автоматты түрде жойылады.

Жұрнал файлдарын автоматты түрде оңтайландыру - Құсбелгі қойылған болса, пайыздық шама Егер пайдаланылмайтын жазбалардың саны мынадан (%) асса өріс ішінде көрсетілген мәннен жоғары болса, жұрнал файлдарының үзінділерін жинақтау автоматты түрде орындалады.

Журнал файлдарын дефрагментациялауды бастау үшін Оңтайландыру түймеcін басыңыз. Барлық бос журнал жазбалары осы процесс кезінде жойылады. Бұл өнімділік пен журналға тіркеу жылдамдығын жақсартады. Бұл жақсартуды әсіресе журналдарда жазбалардың көп саны болса байқауға болады.

Мәтіндік протоколды қосу Журнал файлдарынан бөлек басқа файл пішімінде журналдарды сақтауды қосады:

Мақсатты каталог — Журнал файлдары сақталатын каталог (тек мәтін/CSV файлдарына қатысты). Әр журнал бөлімінде алдын ала анықталған файл атауы бар жеке файлы бар (мысалы, журналдарды сақтау үшін кәдімгі мәтін файл пішімін пайдалансаңыз, virlog.txt файлы журнал файлдарының Анықталған элементтер бөлімі үшін).

Түрі – егер Мәтін файл пішімін таңдасаңыз, журналдар мәтіндік файлда сақталады; деректер қойындылармен бөлінеді. Дәл осы үтірлермен бөлінген CSV файл пішіміне қатысты. Егер Оқиға опциясын таңдасаңыз, журналдар файлда емес, Windows оқиғалар журналында сақталады («Басқару тақтасы» ішінде «Оқиғаларды көру құралын» пайдаланып көруге болады).

Барлық журнал файлдарын жою – қазіргі уақытта Түрі ашылмалы мәзірінде таңдалған барлық сақталған журналдарды өшіреді. Журналдарды сәтті жою туралы хабарландыру көрсетіледі.


note

Мәселелерді жылдамырақ шешу үшін ESET компьютерден журналдарды беруді сұрауы мүмкін. ESET Log Collector қажет ақпаратты жинауды оңай етеді. ESET Log Collector Туралы қосымша ақпарат алу үшін ESET білім қоры мақаласына кіріңіз.