Құрылғы топтары
Компьютерге қосылған құрылғы қауіпсіздік қаупін төндіруі мүмкін. |
«Құрылғылар топтары» терезесі екі бөлікке бөлінеді. Терезенің оң жақ бөлігі сәйкес топқа жататын құрылғылар тізімін қамтиды және терезенің сол жақ бөлігі жасалған топтарды қамтиды. Құрылғыларды оң жақ бөлікте көрсету үшін бір топты таңдаңыз.
«Құрылғылар топтары» терезесін ашып, топты таңдасаңыз, тізімге құрылғыларды қоса немесе оларды жоя аласыз. Топқа құрылғыларды қосудың басқа жолы — оларды файлдан импорттау. Я болмаса, Толтыру түймесін басуға болады, сонда компьютерге қосылған барлық құрылғылар Анықталған құрылғылар терезесінде тізіледі. Толтырылған тізімнен топқа қосылатын құрылғыларды таңдау үшін OK түймешігін басыңыз.
Басқару элементтері
Қосу – Түймешік терезенің қай бөлігінде басылғанына қарай топты немесе құрылғыны атауын жазу арқылы бұрыннан бар топқа қосуға болады.
Өңдеу – таңдалған топтың атауын немесе құрылғы параметрлерін (жеткізуші, модель, сериялық нөмір) өзгертуге мүмкіндік береді.
Жою – Түймеде басылған терезе бөлігіне қарай таңдалған топты немесе құрылғыны жояды.
Импорттау — Мәтіндік файлдан құрылғылар тізімін импорттайды. Мәтіндік файлдан құрылғыларды импорттау дұрыс пішімдеуді талап етеді:
•Әр құрылғы жаңа жолдан басталады.
•Жеткізуші, Үлгі және Сериялық әрбір құрылғы үшін болуы және үтірмен бөлінуі керек.
Мұнда мәтіндік файл мазмұнының мысалы берілген: Kingston,DT 101 G2,001CCE0DGRFC0371 04081-0009432,USB2.0 HD WebCam,20090101 |
Экспорттау — Файлға құрылғылар тізімін экспорттайды.
Толтыру түймесі барлық қазіргі уақытта қосылған құрылғыларға шолуды, әрі мыналар туралы ақпаратты береді: құрылғы түрі, құрылғы жеткізушісі, үлгісі және сериялық нөмірі (бар болса) туралы.
Құрылғы қосу
Бұрыннан бар топқа құрылғы қосу үшін оң жақ терезеде Қосу түймешігін басыңыз. Төменде көрсетілген қосымша параметрлер әр түрлі құрылғыларға арналған ережелерді дәл етіп реттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Барлық параметрлерде әріптің үлкен-кішілігі ескеріледі және қойылмалы таңбаларды (*, ?) қолдануға болады:
•Жеткізуші — Жеткізуші аты немесе ID бойынша сүзу.
•Модель – Құрылғының аты.
•Сериялық нөмір – Сыртқы құрылғылардың әдетте өз сериялық нөмірлері болады. CD/DVD Дискі болған жағдайда бұл CD дискінің емес, құралдың сериялық нөмірі болады.
•Сипаттама – Жақсырақ ұйымдастыру үшін құрылғының сіз енгізетін сипаттамасы.
Бұл параметрлер анықталмаған болса, ереже сәйкестікті анықтау кезінде осы өрістерді елемейді. Барлық мәтін жолдарында параметрлерге сүзгі қолданған кезде әріптің үлкен-кішілігі ескеріледі және қойылмалы таңбаларды қолдануға болады (мысалы, сұрақ белгісі (?) бір таңбаны, ал жұлдызша (*) нөлдерден бастап, одан үлкен таңбасы бар жолды білдіреді). |
Өзгертулерді сақтау үшін OK түймешігін басыңыз. Құрылғылар топтары терезесінен өзгертулерді сақтаусыз шығу үшін Бас тарту түймешігін басыңыз.
Құрылғы тобын жасаған соң жасалған құрылғы тобы үшін құрылғыны басқарудың жаңа ережесін қосып, қабылданатын шараны таңдау керек. |
Барлық құрылғы түрлері үшін кейбір әрекеттер (рұқсаттар) қол жетімді болмайтынын ескеріңіз. Егер құрылғы дерек сақтауға арналған болса, төрт шараның барлығы қолжетімді болады. Дерек сақтамайтын құрылғылар үшін тек қана үш шара қолжетімді (мысалы, Bluetooth үшін Жазуға тыйым салу шарасы қолжетімді емес, сондықтан Bluetooth құрылғыларына тек рұқсат беру, тыйым салу немесе олар туралы ескерту жасау шараларын ғана қолдануға болады).