Бұлттық қорғауға арналған ерекшелік сүзгісі
Ерекшелік сүзгісі үлгілер жіберуге кейбір файлдарды немесе қалталарды қоспау мүмкіндігін береді. Тізімдегі файлдардың құрамында күдікті код болса да, олар ешқашан ESET зертханаларына талдауға жіберілмейді. Жиі кездесетін файл түрлері (мысалы, .doc, т.б.) әдепкі бойынша қосылмайды.
Бұл мүмкіндік құжаттар немесе электрондық кестелер сияқты құпия ақпарат болуы мүмкін файлдарды қоспау үшін пайдалы. |
Download.domain.com сайтынан жүктеп алынған файлдарды шығарып тастау үшін Кеңейтілген орнату > Анықтау механизмі > Бұлт негізіндегі қорғаныс > Үлгілерді жіберу > Шығарып тасталғандар бөлімін ашып, шығарып тасталған *download.domain.com* файлдарын қосыңыз. |