Диалог терезесі - Жүйе жаңартулары
Егер операциялық жүйеңізге арналған жаңартулар болса, ESET Small Business Security қолданбасы негізгі бағдарлама терезесі > Шолу терезесінде хабарландыру көрсетеді. «Жүйелік жаңартулар» терезесін ашу үшін Қосымша ақпарат тармағын басыңыз.
Жүйелік жаңартулар терезесі жүктеліп, орнатылуға дайын қолжетімді жаңартулар тізімін көрсетеді. Жаңарту түрі жаңарту атауының жанында көрсетіледі.
Қосымша ақпарат бар Жаңарту туралы ақпарат терезесін көрсету үішн кез келген жаңарту жолын екі рет басыңыз.
Барлық тізімде көрсетілген операциялық жүйе жаңартуларын жүктеу және орнату үшін Жүйе жаңартуын іске қосу түймешігін басыңыз.