Импорттау және экспорттау параметрлері
Реттелген ESET Small Business Security .xml конфигурация файлын Орнату мәзірінен импорттауға немесе экспорттауға болады.
Суреттері бар нұсқаулар Ағылшын тілінде және басқа да бірнеше тілде берілген иллюстрациялы нұсқауларды .xml файлы арқылы ESET конфигурация параметрлерін импорттау немесе экспорттау бөлімінен қараңыз. |
Конфигурация файлдарын импорттау және экспорттау ESET Small Business Security бағдарламасының ағымдағы конфигурациясын кейінірек пайдалану үшін оның сақтық көшірмесін жасау қажет болған жағдайда пайдаланылады. Экспорттау параметрлері опциясы сіз қалаған конфигурацияны бірнеше жүйеде пайдаланғыңыз келгенде де ыңғайлы. Бұл параметрлерді тасымалдау үшін .xml файлын импорттауға болады.
Конфигурацияны импорттау үшін негізгі бағдарлама терезесінен Орнату > Параметрлерді импорттау/экспорттау тармағын таңдап, Параметрлерді импорттау тармағын таңдаңыз. Импортталатын конфигурация файлын шолу үшін конфигурация файл атауын теріңіз немесе ... түймесін басыңыз.
Конфигурацияны экспорттау үшін негізгі бағдарлама терезесінен Орнату > Параметрлерді импорттау/экспорттау тармағын таңдаңыз. Параметрлерді экспорттау тармағын таңдап, аты бар толық файл жолын теріңіз. Конфигурация файлын сақтау мақсатында компьютердегі бір орынға бару үшін ... түймешігін басыңыз.
Экспортталған файлды арнайы каталогқа жазуға жеткілікті құқықтарыңыз болмаса, параметрлерді экспорттау кезінде қате пайда болуы мүмкін. |