Көрсету режимі
Көрсетілім режимі — бағдарламалық құралды кедергісіз пайдалануды қажет ететін, хабарландыру/ескерту терезелердің мазалауын қаламайтын және CPU пайдалануын барынша азайтқысы келетін пайдаланушыларға арналған мүмкіндік. Сондай-ақ, көрсету режимін антивирустың әрекеті үзе алмайтын көрсетілімдер кезінде пайдалануға болады. Бұл мүмкіндікті қосқанда, барлық қалқымалы терезелер өшіріледі және жоспарлағыш әрекеті толығымен тоқтатылады. Жүйені қорғау әлі де фонда орындалады, бірақ ешбір пайдаланушының араласуын қажет етпейді.
Көрсетілім режимін негізгі бағдарлама терезесінде Орнату > Компьютерді қорғау тармағының астында Көрсетілім режимі жанындағы немесе параметрін басу арқылы қосуға немесе өшіруге болады. Көрсету режимін қосу қауіпсіздікке ықтимал қауіп болып табылады, сондықтан тапсырмалар тақтасындағы қорғау күйінің белгішесі қызғылт сарыға айналады және ескертуді көрсетеді. Сондай-аќ, бђл ескертуді баѓдарламаныњ негізгі терезесінде кљресіз, онда Көрсетілім режимі белсенді сарѓылт тџсте кљрсетіледі.
Толық экрандық қолданбаны іске қосқанда және қолданбадан шыққаннан кейін тоқтатқанда көрсетілім режимі басталуы үшін Кеңейтілген орнату > Құралдар > Көрсетілім режимі тармағында Қолданбалар толық экранды режимде жұмыс істеп тұрғанда Көрсетілім режимін автоматты түрде қосу параметрін белсендіріңіз.
Көрсетілім режимі қанша уақыттан кейін автоматты түрде өшірілетінін анықтау үшін Көрсетілім режимін келесі уақыттан кейін автоматты түрде өшіру опциясын іске қосыңыз.
Егер брандмауэр интерактивті режимде және ойыншы режимі қосылған болса, интернетке қосылуда проблема болуы мүмкін. Бұл интернетке қосылатын ойынды бастасаңыз қиындық тудыруы мүмкін. Әдетте, сізден осындай әрекетті растау ұсыныладыы (егер байланыс ережелері немесе ерекшеліктер анықталмаған болса), бірақ көрсету режимінде пайдаланушының араласуы өшіріледі. Байланысқа рұқсат ету үшін осы мәселеге кездесуі мүмкін кез келген қолданба үшін байланыс ережесін анықтаңыз немесе брандмауэрде басқа Сүзу режимін пайдаланыңыз. Көрсетілім режимі қосылған болса және қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін веб-сайтқа не қолданбаға өтсеңіз, пайдаланушының араласуы өшірілгендіктен оның ешбір түсініктемесіз не ескертусіз блокталуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. |