Брутфорс шабуылынан қорғау
Брутфорс шабуылынан қорғау мүмкіндігі RDP және SMB қызметтерінде құпия сөзді жорамалдау әрекеттерін блоктайды. Брутфорс шабуылы – дұрыс комбинацияны табу үшін әріптердің, сандардың және таңбалардың барлық комбинацияларын жүйелі түрде қолдану арқылы көзделген құпия сөзді анықтау әдісі.
Брутфорс шабуылынан қорғауды конфигурациялау үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Желіге қатынасу қорғанысы > Желілік шабуылдаудан қорғау (IDS) > Брутфорс шабуылынан қорғау бөлімін ашыңыз.
Брутфорс шабуылынан қорғауды қосу – ESET Small Business Security өнімі желілік трафик мазмұнын қарап шығады және құпия сөзді жорамалдау әрекеттерін блоктайды.
Ережелер – кіріс және шығыс желі қосылымдарының ережелерін жасауға, өңдеуге және қарауға мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Ережелер тарауынан көріңіз.