ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Қауіпсіз банкинг және шолу

Қауіпсіз банкинг және шолу — онлайн транзакциялар кезінде қаржылық деректерді қорғауға арналған қосымша қорғау қабаты.

Әдепкі бойынша, барлық қолдау көрсетілетін веб-браузерлер қауіпсіз режимде іске қосылады. Бұл бір қорғалған браузер терезесінде автоматты түрде интернетті шолуға, интернет банкингке кіруге және онлайн сауда және транзакциялар жасауға мүмкіндік береді.


important

Қауіпсіз банкинг және шолу функциясы дұрыс жұмыс істеуі үшін ESET LiveGrid® бедел жүйесі іске қосылған болуы тиіс (әдепкі бойынша қосулы болады).

Қорғалған браузер мінез-құлқын конфигурациялау үшін Қауіпсіз банкинг және шолуды кеңейтілген орнатубөлімін қараңыз. Егер Барлық браузерлерді қорғау мүмкіндігін ажыратсаңыз, қорғалған браузерге негізгі бағдарлама терезесі > Шолу > Қауіпсіз банкинг және шолу бөлімінде немесе ICON_BPP Қауіпсіз банкинг және шолу жұмыс үстелі белгішесін басу арқылы қатынаса аласыз. Windows ішінде әдепкі браузер ретінде орнатылған браузер қауіпсіз режимде іске қосылады.

HTTPS шифрланѓан байланысын пайдалану ќорѓалѓан шолуды орындау џшін керек. Келесі браузерлер Қауіпсіз банкинг және шолуды қолдайды:

Internet Explorer 8.0.0.0+

Microsoft Edge 83.0.0.0+

Google Chrome 64.0.0.0+

Firefox 24.0.0.0+


note

ARM процессорлары бар құрылғыларда ғана Firefox және Microsoft Edge қолдауда болады.

Қауіпсіз банкинг және шолу туралы қосымша мәліметтер бойынша ағылшын және бірнеше басқа тілде қолжетімді ESET білім қорының мына мақалаларын оқыңыз:

ESET Қауіпсіз банкинг және шолу мүмкіндігін қалай пайдаланамын?

Шағын кеңсеге арналған ESET Windows өнімдерінде "Қауіпсіз банкинг және шолу" мүмкіндігін кідірту немесе өшіру

ESET Қауіпсіз банкинг және шолу — жиі кездесетін қателер

ESET сөздігі | Қауіпсіз банкинг және шолу