Жою

ESET Parental Control for Android бағдарламасын ата-ана режимінде бағдарламаның негізгі мәзірінде Параметрлер > Жою тармағында қол жетімді жою шеберін пайдаланып жоюға болады.

Я болмаса, мына қадамдарды орындау арқылы өнімді қолмен жоюға болады:

1.Android құрылғысында Параметрлер > Биометрия және қауіпсіздік > Басқа қауіпсіздік параметрлері > Құрылғы әкімшісінің қолданбалары бөлімін ашыңыз. Parental Control белгісін алып тастап, ESET HOME тіркелгі деректерін теріп, Өшіру түймешігін түртіңіз.

2.Параметрлер опциясына оралып, Қолданбалар > Parental Control тармағын түртіңіз және Жою опциясын түртіңіз.

 

Өнімді жою әдісі туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды мына білім қоры мақаласында табуға болады:
http://support.eset.com/kb5557/