Құрылғыны басқару
Бала құрылғысының атын өзгерту
ESET Parental Control for Android қолданба
1.ESET Parental Control for Android Қолданбасын ашыңыз.
2.Құрылғылар бөліміне өтіңіз.
3.Атын өзгерткіңіз келетін құрылғының жанындағы мәзір түймешігін түртіп, Атын өзгерту пәрменін таңдаңыз.
4.Осы құрылғының жаңа атауын теріп, Сақтау түймешігін түртіңіз.
ESET HOME порталы
1.ESET HOME порталында ата-ана порталына кіріңіз.
2.Құрылғысының атын өзгерткіңіз келетін баланы таңдаңыз.
3.Құрылғылар қойындысына өтіңіз.
4.Атын өзгерткіңіз келетін құрылғының жанындағы мәзір түймешігін түртіп, Атын өзгерту пәрменін таңдаңыз.
5.Осы құрылғының жаңа атауын теріп, Сақтау түймешігін түртіңіз.
Бала құрылғысын алып тастау
Маңызды Баланың құрылғысы кем дегенде үш күн бойы белсенді болмаған жағдайда ғана жойылады. |
Бұл опция тек ESET Parental Control for Android қолданбасында ғана қолжетімді.
1.ESET Parental Control for Android Қолданбасын ашыңыз.
2.Құрылғылар бөліміне өтіңіз.
3.Жойғыңыз келетін құрылғының жанындағы мәзір түймешігін түртіп, Алып тастау пәрменін таңдаңыз.
4.Растау үшін хабарландыру терезесінде Жою түймешігін түртіңіз.