ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Дабылдар

Бұл бөлімде баланың құрылғысында орындалған қай әрекеттер құрылғыңызда дабылдарды іске қосатынын таңдауға болады. Әдепкі бойынша, барлық дабылдар электрондық пошта мекенжайыңызға да, құрылғыңызға да жіберіледі. Дабылды электрондық хабармен жіберу параметрінен таңдауды алсаңыз, дабылдар тек құрылғыңызда орнатылған ESET Parental Control for Android негізгі экранында және Ата-ана порталында көрсетіледі.

Дабылдарды келесі жағдайлар іске қосуы мүмкін:

Тиісті емес веб-сайттарға кіру

Тиісті емес қолданбаларды пайдалану

Уақыты шектеулі қолданбалардың уақыт рұқсаттары артық пайдаланылған

Баланың құрылғысын белгілі бір күндер саны бойы пайдаланбау

ESET Parental Control for Android Бағдарламасының жаңа нұсқасы қол жетімді

Баланың құрылғысында жаңа қолданба орнатылған

Құрылғы ESET Parental Control for Android үшін оңтайлы конфигурацияланбаған

Баланың құрылғысында қате ата-ананың PIN коды енгізілген. Бұл параметр бала ата-ананың PIN кодын табуға әрекеттеніп жатса ескертеді