ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Есептер

Балаңыздың мобильді құрылғыдағы әрекеті туралы күнделікті жиынтық мәліметті ESET Parental Control for Android негізгі бетінде Есептер бөлімінде таба аласыз.

Есептерде балаңыздың Уақыты шектеулі қолданбаларға жұмсаған уақыты және құрылғысындағы жалпы Экрандық уақыты көрсетіледі.

Балаңыздың құрылғыдағы әрекетін жете түсіну үшін, сағаттық аралықтарда құрылғыда жұмсалған жалпы уақыт көрсетілген пайдалану сызбасын қарауға болады.

Ең көп пайдаланылатын бағдарламалар

Қолданбаларға тағайындалған санатпен (Шектеусіз, Блокталған, Уақыты шектеулі) ең көп пайдаланылатын қолданбаларды және осы қолданбаларды пайдалануға кеткен жалпы уақытты анықтауға көмектеседі.

Толығырақ ақпаратқа кіру үшін қолданбаны түртіңіз. Осында қолданба санатын өзгертуге болады немесе қолданбаны Google Play ішінде табу үшін i белгішесін түртіңіз.

Орнатылған қолданбалар

Егер балаңыз жаңа қолданбалар орнатқан болса, оларды Орнатылған қолданбалар бөлімінде табасыз. Қолданба туралы толығырақ ақпаратқа кіру үшін қолданбаны түртіңіз. Осында қолданбалар санатын өзгертуге не қолданбаны Google Play ішінде табу үшін i белгішесін түртуге болады.

Ең көп кірілетін веб-сайттар

Ең көп кірілетін веб-сайттар бөлімінде балаңыз кірген веб-сайттар санаттарын табуға болады. Балаңыз кірген веб-сайттар туралы нақтырақ ақпаратты көрсету үшін санатты түртіңіз. Әрі белгілі бір веб-сайтты орынды не орынсызға өзгерту үшін осында веб-сайтты таңдап, ерекшелік жасауға болады.