Бала құрылғысындағы параметрлер
Балаңыздың құрылғысындағы ата-ана параметрлеріне қатынасу үшін, ESET Parental Control for Android қолданбасын ашыңыз, тісті доңғалақ белгішесін немесе қоңырау белгішесін түртіп, Ата-ана параметрлерітармағын таңдаңыз.
Ата-ана ESET Parental Control for Android қолданбасында белгілі бір іс-әрекетті орындауды талап еткен кезде, қоңырау белгішесі тісті доңғалақ белгішесінің орнына көрсетіледі. |
ESET HOME кіру деректерін теріп, Кіру түймешігін түртіңіз. ESET Parental Control for Android қолданбасы экранда болған кезде ата-ана параметрлеріне қатынаса аласыз. ESET Parental Control for Android қолданбасынан шыққаннан кейін ата-ана қорғауы автоматты түрде іске қосылады.
Бала құрылғысында ESET Parental Control for Android блоктаған мүмкіндіктерге кіру үшін ESET Parental Control for Android қолданбасын уақытша ажыратыңыз. ESET Parental Control for Android қолданбасын ажырату үшін, ESET Parental Control for Android қолданбасын ашыңыз, тісті дөңгелек белгішесін түртіңіз және Уақытша ажырату опциясын таңдаңыз. Уақытша ажырату ESET Parental Control for Android қолданбасында қолмен қайта іске қосылғанша немесе құрылғы экранын өшіргенше белсенді болады.