ESET Mobile Security for iOS – Мазмұны

Бастау шебері

Орнатқаннан кейін, іске қосу шеберінде экранға шыққан нұсқауларды орындаңыз:

1.Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісіміне келісіп, Құпиялық саясаты мен басқа жеке параметрлерді растау үшін Барлығын қабылдау және жалғастыру түймесін түртіңіз.

2.Қалаулы параметрлерді реттеу үшін, Реттеу түймешігін түртіңіз, келесі параметрлердің қайсысы қолданылатынын таңдаңыз және Жалғастырутүймешігін түртіңіз.

•Өнімдерімізді жақсартуға көмектесу үшін аналитикаға рұқсат беру — Статистика алу, қолданбаның толықтай жұмыс істеуін қамтамасыз ету және пайдаланушыларымыз үшін жақсарту мақсатында қолданбаның пайдаланылуы және жүйе қателері туралы деректерді жинап, талдағымыз келеді. Біз жинаған ақпарат туралы толығырақ білу үшін, Құпиялылық саясаты тарауына кіріңіз.

•Маркетингтік мақсаттарда деректерді пайдалануға рұқсат беру — Осы келісімнің негізінде біз және серіктестеріміз сіздің мәліметтеріңізді онлайн режимінде неғұрлым дербестендірілген хабарландырулармен қамтамасыз ету және маркетингтік қызметіміздің тиімділігін өлшеу үшін пайдалана аламыз.

•Жеңілдіктер алу үшін арнайы ұсыныстар мен ESET өнімдері туралы жаңалықтарды жіберуге рұқсат ету: ESET қызметінен өнімдегі жаңалықтар мен соңғы ұсыныстар аласыз.

3.Егер еліңіз автоматты түрде анықталмаса, еліңізді таңдап, Жалғастыру түймешігін түртіңіз.

4.Премиум ESET Mobile Security for iOS жазылымын сатып алу (бір ай тегін) үшін таңдау жасаңыз немесе жазылым болса, Менде жазылым бар опциясын таңдап, төмендегі қадамдарды орындаңыз. ESET Mobile Security for iOS тегін нұсқасына Жаңартпай жалғастыру пәрменін таңдау арқылы кіруге болады.

5.Мобильді құрылғыңызды есептік жазбаңызға қосу және ESET Mobile Security for iOS қызметін белсендіру үшін төмендегі опциялардың бірімен ESET HOME есептік жазбаңызға кіріңіз.

arrow_down_homeApple
arrow_down_homeGoogle
arrow_down_homeЭлектрондық пошта