ESET Mobile Security for iOS – Мазмұны

Параметрлер

Қолданба тілін өзгертіңіз немесе Пайдаланушы келісімі жеке параметрлерін басқарыңыз.

•Өнімдерімізді жақсартуға көмектесу үшін аналитикаға рұқсат беру — Статистика алу, қолданбаның толықтай жұмыс істеуін қамтамасыз ету және пайдаланушыларымыз үшін жақсарту мақсатында қолданбаның пайдаланылуы және жүйе қателері туралы деректерді жинап, талдағымыз келеді. Біз жинаған ақпарат туралы толығырақ білу үшін, Құпиялылық саясаты тарауына кіріңіз.

•Маркетингтік мақсаттарда деректерді пайдалануға рұқсат беру — Осы келісімнің негізінде біз және серіктестеріміз сіздің мәліметтеріңізді онлайн режимінде неғұрлым дербестендірілген хабарландырулармен қамтамасыз ету және маркетингтік қызметіміздің тиімділігін өлшеу үшін пайдалана аламыз.

•Жеңілдіктер алу үшін арнайы ұсыныстар мен ESET өнімдері туралы жаңалықтарды жіберуге рұқсат ету: ESET қызметінен өнімдегі жаңалықтар мен соңғы ұсыныстар аласыз.