ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Жүйеге қойылатын ең төмен талаптар

ESET Mobile Security Бағдарламасын орнату үшін Android құрылғыңыз келесі жүйеге қойылатын ең төмен талаптарды қанағаттандыруы керек:

Операциялық жүйе: androidAndroid 6 (Marshmallow)  немесе одан кейінгі нұсқа

Сенсорлық экранның ажыратымдылығы: ең азы 240x320 px

Орталық процессор: 500+ МГц ARM7+

RAM: 512+ МБ

Интернет қосылымы


important

Ерекшеліктерді қолдау

Root қатынасы ашылған құрылғыларға қолдау көрсетілмейді. Anti-Theft және Қоңырау сүзгісі мүмкіндіктері қоңырау шалуға немесе хабар алмасуға қолдау көрсетпейтін планшеттерде қолжетімді емес. Егер сізде қос SIM карталы құрылғы болса, SIM қорғағышы екі SIM карта үшін де дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Android Go қолданбасына қолдау көрсетілмейді.

ESET Mobile Security қолданбасы дұрыс жұмыс істеуі үшін, Google Play қызметтері қажет етеді. ESET Mobile Security қолданбасы Google Play қызметтерінсіз кейбір Huawei құрылғылары сияқты құрылғыларда жұмыс істемейді.

«Сенімді SIM карталары» Anti-Theft мүмкіндігі CDMA құрылғыларында қолжетімсіз.

Кейбір мүмкіндіктердің жұмыс істеуі операциялық жүйенің нұсқасына байланысты.