ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Тегін және премиум нұсқа лицензиясының мүмкіндіктері

ESET Mobile Security екі қолжетімді нұсқасы бар:

Тегін – негізгі мүмкіндіктерді шектеусіз уақыт бойы тегін пайдалануға болады

Премиум – премиум мүмкіндіктер лицензия мерзімі біткенше белсенді болады.

 

Бұл кестеде тегін және премиум нұсқаларында қай мүмкіндіктер қолжетімді екенін көрсетілген:

 

Тегін

Премиум

Антивирус

Антивирус – автоматты түрде қарап шығулар

 

Анықтау модульдерін автоматты жаңартулар

 

Қолданба құлпы

 

Ұрлыққа қарсы – веб-портал

 

Ұрлыққа қарсы – SIM қорғағышы

 

Желі инспекторы

 

Антифишинг

 

Қоңырау сүзгісі

 

Төлемдерді қорғау

 

Қауіпсіздікті тексеру

 

Қауіпсіздік туралы есеп

Жазылым кезеңін таңдаңыз. Ай сайын немесе жыл сайын ақы алынуы мүмкін. Және жазылым лицензиясының нұсқасын таңдаңыз.

Лицензия түрі:

Лицензияны пайдалану

Мобильді құрылғы

ESET Mobile Security лицензиясын бір Google есептік жазбасындағы ESET Mobile Security және ESET Smart TV Security қамтитын бес Android құрылғысына дейін пайдалануға болады.

ДК/Mac/Мобильді

Үш құрылғыны қауіпсіздендіру үшін пайдалануға болатын ESET Internet Security лицензиясын аласыз.

Сатып алынған лицензия қолданылатын құрылғыдағы ESET Mobile Security өніміне бір лицензия орны автоматты түрде бөлінеді.

Мобильді лицензиядағыдай, осы орынды бір Google есептік жазбасындағы ESET Mobile Security және ESET Smart TV Security қамтитын бес Google құрылғысына дейін белсендіру үшін пайдалануға болады.


note

Мобильді лицензияны пайдалану мысалы

Самал Android смартфонын, Android планшетін және Android TV смарт теледидарын пайдаланады. Осы құрылғылардың барлығына Самал бір Google есептік жазбасымен кірген.

Самал смартфон арқылы ESET Mobile Security үшін бір мобильді лицензия жазылымын сатып алды. Сатып алған соң, Самал Google есептік жазбасымен байланыстырылған эл. поштасына лицензия кілтін алады.

Самал бұл лицензияны Android планшетінде ESET Mobile Security өнімін белсендіру үшін немесе ESET HOME арқылы смарт теледидарда ESET Smart TV Security өнімін немесе лицензия кілтін белсендіру үшін пайдалана алады.