Антифишинг
Фишинг термині веб-сайтта шынайы болып көрінетін, құпия ақпаратты алу үшін пайдаланушыларды алдап-арбау арқылы жүзеге асатын қылмыстық іс-әрекетті білдіреді. Бұл алдап-арбау түрі психологиялық шабуыл ретінде белгілі. Фишинг банктік шот нөмірлері, несие картасының нөмірлері, PIN кодының нөмірлері немесе пайдаланушы аттары мен құпия сөздер сияқты құпия деректерге қатынасты алу үшін жиі пайдаланылады.
ESET Mobile Security өніміндегі антифишинг те зиянды немесе қауіпті деп танылған басқа веб-сайттардан қорғайды.
Антифишинг модулін қосулы ұстау ұсынылады. ESET зиянкес бағдарламалар дерекқорында тізілген веб-сайттардан немесе домендерден келетін барлық ықтимал фишингтік шабуылдар бұғатталады және сізге әрекет жасалған шабуыл туралы хабарлайтын ескерту хабарландыру көрсетіледі.
Антифишинг модулі Android операциялық жүйесінде қолжетімді ең жиі кездесетін веб-браузерлермен және әлеуметтік желі қолданбаларымен интеграцияланады - Chrome браузерімен және Android құрылғыларында алдын ала орнатылған браузерлерде (әдетте Интернет немесе Браузер деп аталады). Басқа браузерлер «Қорғалмаған» ретінде тізілуі мүмкін, өйткені олар Антифишинг модулімен жеткілікті интеграциялауды қамтамасыз етпейді. Антифишинг функциясын толығымен пайдалану үшін қолдау көрсетілмейтін веб-браузерлерді пайдаланбау ұсынылады.
Маңызды Антифишингті веб-браузерлермен дұрыс біріктіру үшін ESET компаниясы Android 6 (Marshmallow) немесе одан кейінгі нұсқасын пайдалануды ұсынады. |
Функцияларды жақсарту - Антифишинг модулі Android операциялық жүйесінің қосымша рұқсаттарды беруін қажет етсе, ESET Mobile Security сізге ескертеді. Жүйенің «Арнайы мүмкіндіктердің параметрлері» тармағын ашу үшін Рұқсат ету пәрменін түртіңіз және қосымша браузерлерге қолдау көрсетудің қолжетімді опцияларын қарап шығыңыз және құпия (инкогнито) шолу кезінде қорғауды қосыңыз. Бұл туралы мәселе ретінде хабарланбауын қаласаңыз, Осы мәселені елемеу (ұсынылмайды) пәрменін түртіңіз.
Антифишинг опциясын өшіру үшін, мәзір түймесін түртіңіз және Өшіру опциясын түртіңіз.
Samsung DeX станциясындағы антифишинг Антифишингке Samsung DeX станциясына қосылған құрылғыларда қолдау көрсетілмейді. |
Қорғалған браузерлер
•Chrome
•Chrome Beta
•Firefox
•Firefox Beta
•Opera
•Opera Beta
•Opera Mini
•Opera Mini Beta
•Opera TV браузері
•Samsung Internet
•Mint
•Яндекс браузері
•DuckDuckGo (ESET Mobile Security 6.1 және одан кейінгі нұсқасында)
•Kiwi браузері
•Edge
•Amazon құрылғыларындағы Silk браузері
•Mi браузері
•Xiaomi Mi браузері
•Android TV құрылғыларындағы Vewd браузері
Қорғалған әлеуметтік желі қолданбалары
•Facebook Lite
•Messenger
•Messenger Lite
•Сондай-ақ, веб-көрініс үшін қорғалған браузер компоненттерін пайдаланатын әлеуметтік желі қолданбалары қорғалады.