ESET Mobile Security for Android – Мазмұны

Орнату

ESET Mobile Security for Android қолданбасын орнатудың үш жолы бар:

1.Google Play Store — Android құрылғысынан Google Play Store қолданбасын ашып, ESET Mobile Security for Android (немесе жай ESET) деп іздеңіз:

Google Play логотипі

2.QR коды — Мобильді құрылғыңызды және QR сканерлеу қолданбасын пайдаланып төмендегі QR кодын сканерлеңіз:

QR коды

3.ESET HOME есептік жазбасынан — ESET HOME ішінде ESET Mobile Security for Android орнату құралын құрылғыңызға жүктеп алыңыз немесе орнату құралын басқа құрылғыға жіберіңіз.


Ескертпе

Ескертпе

Визуалды нұсқауларды алу үшін, қадамдық орнату нұсқаулығымызға кіріңіз (бұл мақала ағылшн және бірнеше басқа тілде қолжетімді).

ESET Mobile Security for Android Орнатылған кезде Ашу опциясын түртіп, бастау шеберін іске қосыңыз

Жеке ақпаратты және Android құрылғысының ресурстарын қорғау үшін ESET Mobile Security for Android бағдарламасына құрылғы функцияларына қатынас болуы және кейбір жағдайларда оларды басқару қажет болады. Әр рұқсат түрінің егжей-тегжейлі түсіндірмелерін және оны пайдалану әдісін осы Білім базасы мақаласындағы кестеде қараңыз (Осы мақала ағылшын және бірнеше басқа тілде қолжетімді).


Маңызды

ESET Mobile Security for Android қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына орнату

ESET Mobile Security for Android қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына орнату ұсынылмайды. Бұл қалта құрылғының қалған бөлігінен толық оқшауланған, сондықтан тек осы қалтадағы ғана мазмұн қорғалады. Соның салдарынан ESET Mobile Security for Android қолданбасы өте шектеулі режимде жұмыс істеуі мүмкін.

Егер ESET Mobile Security for Android қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына қоссаңыз, оны бөлек белсендіру қажет болады, яғни ол жазылымдағы бөлек бір орынды пайдаланатын болады.