ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Параметрлер

ESET Mobile Security Негізгі экранында «Мәзір»hamburger_menu пәрменін түртіңіз (немесе құрылғыда Menu түймесін басывңыз) және Параметрлер тармағын түртіңіз.

Қосалқы көшірме жасау және қалпына келтіру

ESET Mobile Security қолданбасы ESET Mobile Security параметрлерін қамтитын қосалқы көшірме файлын жасау мүмкіндігін береді. Бұл файлды сыртқы құрылғыға жүктеп алып, оны ESET Mobile Security параметрлерін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.

Тіл

Әдепкі бойынша, ESET Mobile Security құрылғыда жүйелік әдепкі ретінде орнатылған тілде орнатылады (Android операциялық жүйесінде Тіл және пернетақта параметрлерінде). Қолданбаның пайдаланушылық интерфейсінің тілін өзгерту үшін «Тіл» опциясын түртіп, қалаған тілді таңдаңыз.

Пайдаланушы келісімі

ESET LiveGrid® бағдарламасына ESET LiveGrid® кері байланыс жүйесі туралы қосымша ақпаратты оқуға рұқсат ету үшін, Кеңейтілген параметрлер бөліміне кіріңіз.

Сараптама қызметіне біздің өнімдерімізді жақсартуға көмектесетін мүмкіндік беру — ESET Mobile Security бағдарламамыз бен қызметтерімізді жақсартуға көмектесетін анонимдік бағдарлама ақпаратын (өнімділік, жұмыс статистикасы) жібереді. Біз жинаған ақпарат туралы толығырақ білу үшін, Құпиялылық саясаты тарауына кіріңіз.

Деректерді маркетинг мақсаттарында пайдалануға рұқсат ету

ESET компаниясынан жарнамалық жеңілдіктер мен өнімдер туралы жаңалықтар жіберуге рұқсат ету—ESET компаниясынан өнім ішіндегі жаңалықтар мен соңғы ұсыныстарды аласыз.

Жаңарту

Ең жоғары қорғау үшін соңғы ESET Mobile Security нұсқасын пайдалану маңызды. ESET веб-сайтынан жүктеу үшін жаңарақ нұсқа қолжетімді босла, Жаңарту пәрменін түртіңіз. ESET Mobile Security Бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеп алған болсаңыз, бұл опция қолжетімді болмайды. Бұл жағдайда, өнім Google Play дүкенінен жаңартылады.

Жою

Жою шеберін іске қоссаңыз, ESET Mobile Security бағдарламасы құрылғыдан біржола өшіріледі. Anti-Theft қорғанысы іске қосылған болса, сізден ESET Mobile Security қауіпсіздік PIN кодын/өрнегін немесе саусақ ізін енгізу сұралады. Өнімді қолмен жою үшін, осы бөлімде сипатталған қадамдарды орындаңыз.


note

Жоюдан қорғау

Android жүйесінің 7.0 және кейінгі нұсқаларында жоюдан қорғау белсенді емес.