ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Желі инспекторы

Желі инспекторы желіде маршрутизаторға қосылған құрылғыларды қарап шығу және осалдықтарды тексеру мүмкіндігін береді. Желі инспекторы желіні екі қадаммен қарап шығады.

Желі инспекторы алдымен желіде қосылған құрылғыларды қарап шығады. Егер жаңа құрылғы табылса, хабарландыру көрсетіледі және құрылғы жұлдызшамен белгіленеді. Желіні қарап шығу опциясын түртіп, желідегі құрылғыларды қолмен табыңыз. Әрі оларды автоматты түрде таба аласыз. Бұл опцияны пайдалану үшін, мәзір белгішесі three_dots_menu> Параметрлер тармағын түртіңіз және Құрылғыларды автоматты түрде табу опциясын қосыңыз.

Қарап шығудың екінші қадамында Желі инспекторы құрылғыларға қосылып, олардың осалдықтарын тексереді, соның ішінде ашық порттар, маршрутизатордың осал пайдаланушы аты мен құпия сөзі, маршрутизатор микробағдарламасындағы ақаулық, т.б. Осы осалдықтарды шабуылдаушылар маршрутизатор мен оған қосылған басқа құрылғылар басқаруын иемдену үшін пайдалануы мүмкін. Шабуылдаушылар басқаратын маршрутизатор мен құрылғылар кейін сіз туралы ақпарат жинауға немесе тіпті таратылатын желілік шабуылдарға (DDoS) қатысуға пайдаланылуы мүмкін.

 

Желі инспекторы әрі желіге кім қосылғанын хабардар ету мақсатында желіге қосылған құрылғылардың кешенді тізімін ұсынады. Осы ақпарат негізінде маршрутизатордың веб-интерфейсінен осы құрылғылардың желіге қатынасын басқара не оған тыйым сала аласыз. Маршрутизаторды таңдап және Веб-интерфейсті ашу опциясын түртіп, маршрутизатордың веб-интерфейсіне тікелей Желі инспекторынан қатынаса аласыз.

Қосылған құрылғыларды тізім немесе визуалдық ретінде көресіз:

list-ch-icon Тізім көрінісі — Қосылған құрылғылар үстіде маршрутизатор, кейін онлайн құрылғылар және соңында бұрын қосылған құрылғылар тарихы көрсетілетін стандартты тізім көрінісінде беріледі.

sonar-cm-icon Локатор көрінісі — құрылғылар ортасында маршрутизатор бар жарты шеңберде визуалдық ретінде көрсетіледі. Ортасынан екінші қабатында қазір онлайн құрылғылар көрсетіледі. Үшінші қабатында бұрын қосылған құрылғылар тарихы көрсетіледі. Көрсеткі түймелерін түртіп, құрылғылар арасында жылжуға болады не шеңбер бағытында айналдырыңыз

 

Құрылғы басқаруын жеңілдету үшін, құрылғыға санат тағайындаңыз (мысалы, смартфон, теледидар, ойын консолі, компьютер, т.б.), өндіруші берген стандартты құрылғылар аттарын немесе IP мекенжайын түсінікті атауларға өзгертіңіз (мысалы: SM-G955F Ерланның телефонына, 192.168.1.52 Әсемнің компьютеріне, т.б.).

Желі инспекторындағы құрылғылар атын өзгерту үшін, Желі инспекторындағы құрылғы белгішесін түртіңіз > жоғарғы оң жақтағы қарындаш белгішесін түртіңіз, құрылғы санатын таңдаңыз, құрылғы атын енгізіп, OK опциясын түртіңіз.


important

Желі инспекторы Android 12 немесе одан кейінгі нұсқадағы құрылғыларда ғана жұмыс істейді.