ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Веб-портал

ESET Mobile Security жаңа ESET HOME порталы арқылы ESET Anti-Theft қорғауымен толық бірігеді. ESET Anti-Theft порталда құрылғы белсенділігін бақылау, құрылғыны құлыптау, құрылғыны тауып алғанға теңшелетін хабарлар жіберу, қатты сиренаны іске қосу немесе құрылғы деректерін қашықтан өшіру мүмкіндігіне ие боласыз.

ESET HOME Есептік жазбасын жасау үшін Жаңа есептік жазба жасау опциясын түртіп, тіркеу пішінін толтырыңыз. Есептік жазбаны растауды электрондық поштаның кіріс қалтасында тексеріңіз және есептік жазбаны белсендіру үшін ішіндегі сілтемені басыңыз. Есептік жазбаны белсендірген соң, ESET HOME порталы арқылы қосылған құрылғылардың ESET Anti-Theft қауіпсіздік мүмкіндігін қашықтан басқара аласыз. Сізде ESET HOME есептік жазбасы бар болса, Кіру пәрменін түртіп, электрондық пошта мекенжайын және құпиясөзді енгізіңіз. Осы қадамдар аяқталғаннан кейін құрылғыны ESET HOME есептік жазбасымен байланыстыруға болады.

ESET Anti-Theft мүмкіндіктерін пайдалану жолдары туралы қосымша нұсқаулар алу үшін Anti-Theft пайдаланушы нұсқаулығы құжатын қараңыз немесе ESET HOME порталының жоғарғы оң жақ бұрышындағы Анықтама белгішесін түртіңіз.