ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Қоңырау сүзгісі

Қоңырау сүзгісі орнатылған ережелер негізінде кіріс немесе шығыс қоңырауларды блоктайды.

Кіріс қоңырау блокталған кезде қоңырау хабарландырулары көрсетілмейді. Қателесіп блокталған болуы мүмкін қоңыраулардың бар-жоғын тексеру үшін Қоңырау журналы бөлімін қараңыз.

Соңғы қоңырау шалушыны бұғаттау - соңғы алынған телефон нөмірінен келетін кіріс қоңырауларды бұғаттау үшін түртіңіз. Бұл жаңа ережені жасайды.

Ережелер

Жаңа ереже жасау үшін + белгішесін түртіңіз. Қосымша ақпарат бойынша келесі тарауды қараңыз.

Бар ережені өзгерту үшін ережелер тізіміндегі ереже жазбасын түртіңіз. Жазбаны Ережелер тізімінен жою үшін жазбаны таңдап, Жою пәрменін түртіңіз.

Қоңырау журналы

Қоңырау журналы бөлімінде Қоңырау сүзгісі блоктаған барлық қоңыраулардың журналы көрсетіледі. Әрбір журнал қоңырау атауын, тиісті телефон нөмірін, оқиға күні мен уақытын қамтиды.

 

note

SIM картасы жоқ құрылғылар

Қоңырау сүзгісі қоңырау шалуға және хабар алмасуға қолдау көрсетпейтін құрылғыларда жұмыс істемейді.

warning

Шығыс қоңыраулар

Қоңырау сүзгісі Google Play қызметінен жүктеліп алынған ESET Mobile Security ішіндегі шығыс қоңырауды блоктамауда.

warning

Android жүйесін қолдау

Қоңырау сүзгісі тек Android 6 немесе кейінгі нұсқасы орнатылған құрылғыларда қолжетімді.