Орнату
ESET Mobile Security бағдарламасын ESET веб-сайтынан жүктеуге болады:
Я болмаса, сілтемемен өтіңіз немесе мобильді құрылғыңызды және QR сканерлеу қолданбасын пайдаланып төмендегі QR кодын сканерлеңіз:
Немесе қадамдық орнату нұсқаулығына кіріңіз (бұл мақала ағылшын тілінде және басқа да бірнеше тілде қолжетімді).
ESET Mobile Security Бағдарламасын құрылғыңызға ESET веб-сайтынан жүктелген .APK файлын пайдаланып орнату үшін белгісіз көздерді қосу керек. Нұсқаулар алу үшін біздің Білім базасы мақаламызға кіріңіз (бұл мақала ағылшын тілінде және басқа да бірнеше тілде қолжетімді).
ESET Mobile Security . APK файлын жүктеп алғаннан кейін, жүктеп алған файлды түртіңіз, ESET Mobile Security өнімін орнату пәрменін таңдаңыз және іске қосу шебері қолданба орнатылғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады.
Жеке ақпаратты және Android құрылғысының ресурстарын қорғау үшін ESET Mobile Security бағдарламасына құрылғы функцияларына қатынас болуы және кейбір жағдайларда оларды басқару қажет болады. Әр рұқсат түрінің егжей-тегжейлі түсіндірмелерін және оны пайдалану әдісін осы Білім базасы мақаласындағы кестеде қараңыз (Осы мақала ағылшын және бірнеше басқа тілде қолжетімді).
ESET Mobile Security қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына орнату ESET Mobile Security қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына орнату ұсынылмайды. Бұл қалта құрылғының қалған бөлігінен толық оқшауланған, сондықтан тек осы қалтадағы ғана мазмұн қорғалады. Соның салдарынан ESET Mobile Security қолданбасы өте шектеулі режимде жұмыс істеуі мүмкін. Егер ESET Mobile Security қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына қоссаңыз, оны бөлек белсендіру қажет болады, яғни ол жазылымдағы бөлек бір орынды пайдаланатын болады. |

