Қоңырау сүзгісі
Қоңырау сүзгісі орнатылған ережелер негізінде кіріс немесе шығыс қоңырауларды блоктайды.
Кіріс қоңырау блокталған кезде қоңырау хабарландырулары көрсетілмейді. Қателесіп блокталған болуы мүмкін қоңыраулардың бар-жоғын тексеру үшін Қоңырау журналы бөлімін қараңыз.
Соңғы қоңырау шалушыны бұғаттау - соңғы алынған телефон нөмірінен келетін кіріс қоңырауларды бұғаттау үшін түртіңіз. Бұл жаңа ережені жасайды.
Ережелер
Жаңа ереже жасау үшін + белгішесін түртіңіз. Қосымша ақпарат бойынша келесі тарауды қараңыз.
Бар ережені өзгерту үшін ережелер тізіміндегі ереже жазбасын түртіңіз. Жазбаны Ережелер тізімінен жою үшін жазбаны таңдап, Жою пәрменін түртіңіз.
Қоңырау журналы
Қоңырау журналы бөлімінде Қоңырау сүзгісі блоктаған барлық қоңыраулардың журналы көрсетіледі. Әрбір журнал қоңырау атауын, тиісті телефон нөмірін, оқиға күні мен уақытын қамтиды.
SIM картасы жоқ құрылғылар Қоңырау сүзгісі қоңырау шалуға және хабар алмасуға қолдау көрсетпейтін құрылғыларда жұмыс істемейді. |
Шығыс қоңыраулар Қоңырау сүзгісі Google Play қызметінен жүктеліп алынған ESET Mobile Security ішіндегі шығыс қоңырауды блоктамауда. |
Қойылмалы таңбаларды пайдаланып телефон нөмірлерін блоктау
Төмендегі кестеде сипатталған қойылмалы таңбалар арқылы сандар ауқымын блоктауға болады:
Қойылмалы таңба |
Сипаттама |
---|---|
* |
бірнеше таңбаны білдіреді |
? |
бір таңбаны білдіреді |
Мысал Егер белгілі бір елден қоңыраулар қабылдағыңыз келмесе, Телефон нөмірі өрісіне ел кодын және * қойылмалы таңбасын теріңіз және осы нөмір үлгісінен басталатын елден келетін барлық қоңыраулар блокталады. Сол елден кейбір телефон нөмірін алып тастау туралы шешім қабылдасаңыз, Рұқсат ету әрекетімен жаңа ереже қосыңыз. Төмендегі сурет Словакиядан шалынған барлық қоңырауларды қалай блоктау керектігін көрсетеді. |