ESET Internet Security – Мазмұны

Microsoft Windows жүйесінің ескірген нұсқасы

Мәселе

Сіз ESET Internet Security бағдарламасының соңғы нұсқасын Windows 7, Windows 8 (8.1) немесе Windows Home Server 2011 жүйесі бар компьютерге орнатқыңыз келеді

ESET Internet Security бағдарламасы орнату кезінде Ескірген операциялық жүйе қатесін көрсетеді

Мәліметтер

ESET Internet Security соңғы нұсқасына Windows 11 операциялық жүйелері қажет.

Шешімі

Келесі шешімдер қолжетімді:

Деңгейді Windows 11-ге көтеру

Жаңарту процесі біршама оңай және көптеген жағдайларда оны файлдарыңызды жоғалтпай орындай аласыз. Windows 11 жүйесіне жаңарту алдында:

1.Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасау.

2.Microsoft-тың Деңгейді Windows 11-ге көтеру туралы ЖҚС мақаласын оқып, Windows операциялық жүйесін жаңартыңыз.

ESET Internet Security Бағдарламасының 16.0 нұсқасын орнату

Windows жүйесін жаңарта алмасаңыз, ESET Internet Security бағдарламасының 16.0 нұсқасын орнатыңыз. Қосымша ақпаратты ESET Internet Security бағдарламасының 16.0 нұсқасының онлайн анықтамасында қараңыз.