Ең соңғы нұсқасына дейін жаңарту
Жақсартуларды енгізу немесе бағдарлама модульдерін автоматты түрде жаңарту арқылы түзету мүмкін емес мәселелерді шешу үшін ESET Internet Security қолданбасының жаңа нұсқалары шығарылады. Кейінгі нұсқаға жаңартуды бірнеше жолмен орындауға болады:
1.Автоматты түрде, бағдарламаны жаңарту арқылы.
Бағдарлама жаңартуы барлық пайдаланушыларға таратылатындықтан және белгілі бір жүйе конфигурацияларына әсер ете алатындықтан, ол барлық мүмкін жүйе конфигурацияларымен бірге қызмет ете алуына көз жеткізу үшін ұзақ тексеруден кейін шығарылады. Егер жаңарақ нұсқаға шығарылғаннан кейін дереу өту керек болса, төменде кқрсетілген әдістердің біреуін пайдаланыңыз.
Кеңейтілген орнату > Жаңарту > Профильдер > Жаңартулар бөлімінде Қолданба функциясының жаңартулары параметрінің қосылғанын тексеріңіз.
2.Қолмен, негізгі бағдарлама терезесінде Жаңарту бөліміндегі Жаңартуларды тексеру опциясын басу арқылы.
3.Қолмен, ең соңғы нұсқаны жүктеп алу және алдыңғысының үстінен орнату арқылы.
Қосымша ақпарат және суреттері бар нұсқаулар бойынша мынаны қараңыз:
•ESET өнімдерін жаңарту — соңғы өнім модульдерінің бар-жоғын тексеру