Анықтама және қолдау
Орын алуы мүмкін мәселелерді шешуге көмектесетін қолдау ақпараты мен ақауларды жою құралдарын көрсету үшін негізгі бағдарлама терезесіндегі Анықтама және қолдау түймешігін басыңыз.
Жазылым
•Жазылым ақауларын жою – Бұл сілтемені белсендіруге немесе жазылымды өзгертуге қатысты мәселелердің шешімдерін табу үшін басыңыз.
•Жазылымды өзгерту — Белсендіру терезесін ашу және өнімді белсендіру үшін басыңыз. Құрылғыңыз ESET HOME жүйесіне қосылған болса, ESET HOME есептік жазбасынан бір жазылым таңдаңыз немесе жаңасын қосыңыз.
Орнатылған өнім
•Жаңалықтар — Жаңа және жақсартылған мүмкіндіктер туралы ақпараттық терезені ашу үшін осы жерді басыңыз.
•ESET Internet Security Туралы – ESET Internet Security бағдарламасының көшірмесі туралы ақпаратты көрсетеді.
•Өнімнің ақауларын жою – Бұл сілтемені ең жиі кездесетін мәселелердің шешімдерін табу үшін басыңыз.
•Өнімді өзгерту — ESET Internet Security бағдарламасын ағымдағы жазылым арқылы басқа өнімдер тобына өзгертуге болатын-болмайтынын көру үшін басыңыз.
Анықтама беті – ESET Internet Security анықтама беттерін ашу үшін осы сілтемені басыңыз.
Білім базасы – ESET білім қоры жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын және әр түрлі мәселелердің ұсынылған шешімдерін қамтиды. ESET техникалық мамандары үнемі жаңартатын білім қоры әр түрлі мәселелерді шешуге арналған өте қуатты құрал болып табылады.