Іске қосылған процестер
Іске қосылған процестер компьютеріңізде іске қосылған бағдарламалар немесе процестерді көрсетеді және ESET компаниясына жаңа инфильтрациялар туралы жылдам және тұрақты түрде хабарлап тұрады. Пайдаланушыларды ESET LiveGrid® технологиясының көмегімен қорғау үшін ESET Internet Security іске қосылған процестер туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Бедел — Көп жағдайларда ESET Internet Security қолданбасы және ESET LiveGrid® технологиясы әр нысанның сипаттарын бақылайтын, содан кейін олардың зиянды әрекет ықтималдылығын бағалайтын эвристикалық ережелер қатарын пайдаланып, нысандарға (файлдар, процестер, тізбе кілттері, т.б.) қауіп деңгейлерін тағайындайды. Осы эвристика негізінде нысандарға 1 — Жақсы (жасыл) және 9 — Қауіпті (қызыл) аралығындағы қауіп деңгейі тағайындалады.
Процесс - Компьютерде қазіргі уақытта іске қосылған бағдарламаның немесе процестің сурет аты. Сондай-ақ, компьютердегі барлық іске қосылған процестерді көру үшін Windows тапсырмалар реттеушісін пайдалануға болады. «Тапсырмалар реттеушісін» ашу үшін тапсырмалар тақтасындағы бос аумақты тінтуірдің оң жағын басыңыз, содан кейін Тапсырмалар реттеушісі түймешігін басыңыз немесе пернетақтада Ctrl+Shift+Esc пернелер тіркесімін басыңыз.
Жақсы (жасыл) ретінде белгіленген белгілі қолданбалар таза (ақ тізімде) және өнімділікті жақсарту үшін қарап шығуға қосылмайды. |
PID - Процестің идентификациялық нөмірі процесс басымдығын реттеу сияқты әр түрлі функцияны шақыруларда пайдаланылуы мүмкін.
Пайдаланушылар саны - Осы бағдарламаны пайдаланатын пайдаланушылардың саны. Бұл ақпарат ESET LiveGrid® технологиясымен жиналған.
Анықтау уақыты - ESET LiveGrid® технологиясы бағдарламаны анықтағаннан бергі уақыт.
Белгісіз (сарғылт) ретінде белгіленген қолданба міндетті түрде зиянкес бағдарламалық құрал болып табылмайды. Әдетте бұл жай жаңа бағдарлама. Егер файлға сенімді болмасаңыз, ESET вирус зертханасына файлды талдауға жіберуге болады. Егер файл зиянкес қолданба немесе веб-сайт болып шықса, оны анықтау келесі жаңартуға қосылады. |
Бағдарлама аты - Бағдарламаға немесе процеске берілген ат.
Қолданбаның келесі мәліметтерін көрсету үшін қолданбаны басыңыз:
•Жол - бағдарламаның компьютердегі орны.
•Өлшем - файл өлшемі КБ (килобайт) немесе MБ (мегабайт) өлшемдерінің бірінде беріледі.
•Сипаттама - операциялық жүйедегі сипаттамаға негізделген файл сипаттамалары.
•Компания - жеткізушінің немесе бағдарлама процесінің аты.
•Нұсқа - бағдарлама жариялаушысының ақпараты.
•Өнім - бағдарлама аты және/немесе компания аты.
•Жасалған/Өзгертілген - Жасау (өзгерту) күні мен уақыты.
Сондай-ақ, іске қосылған бағдарламалар/процестер ретінде әрекет етпейтін файлдардың беделін тексеруге болады. Бұл үшін, файл жетектеуішінде оларды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және Кеңейтілген опциялар > Файл беделін тексеру тармағын таңдаңыз. |