Брандмауэр ережелері дегеніміз барлық желілік қосылымдарды тексеру үшін пайдаланылатын бірқатар шарттар жиынын және осы шарттарға тағайындалған барлық әрекеттерді білдіреді. Брандмауэр ережелерін түзету немесе қосу ереже әсер еткен қолданбаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін желі параметрлері өзгергенде (мысалы, қашықтағы жаққа арналған желі мекенжайы немесе порт нөмірі өзгергенде) талап етілуі мүмкін. Тәжірибелі пайдаланушы реттелетін Брандмауэр ережелерін жасауы керек.
Брандмауэр ережесін қосу немесе өңдеу үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Желіге кіруден қорғау > Брандмауэр > Ережелері > Өңдеу бөлімін ашыңыз. Брандмауэр ережелері терезесінде Қосу немесе Өңдеу түймешігін басыңыз.
Атауы — Ереже атауын теріңіз.
Іске қосылған — Ережені белсенді ету үшін ауыстырып қосқышты басыңыз.
Брандмауэр ережесі үшін әрекеттер мен шарттарды қосу:
Әрекет
Әрекет — Мұны осы ережеде анықталған шарттарға сәйкес келетін байланысқа Рұқсат беру/Тыйым салу үшін немесе байланыс орнатылған сайын ESET Internet Security қолданбасы ол туралы Сұрағанын қалаған кезде таңдаңыз.
Журналға жазу ережесі — Ереже қолданылса, ол Журнал файлдарына жазылады.
Журнал жүргізу қаталдығы — Осы ереже үшін журналға жазу ережелерінің қаталдығын таңдаңыз.
Пайдаланушыға хабарлау – ереже қолданылған кездегі хабарландыруды көрсетеді.
|
Қолданба
Осы ереже қолданылатын қолданбаны көрсетіңіз.
Қолданба жолы — ... түймешігін басып, қолданбаға жылжып барыңыз немесе қолданбаның толық жолын теріңіз (мысалы, C:\Program Files\Firefox\Firefox.exe). Қолданбаның атауының өзін ғана ЖАЗБАҢЫЗ.
Қолданба қолтаңбасы — Ережені оның қолданбалары (жариялаушының аты) негізінде қолдануға болады. Кез келген жарамды қолтаңбасы бар қолданбаларға немесе Белгілі бір адам қол қойған қолданбаларға ережені қолданғыңыз келсе, ашылмалы мәзірден қажетін таңдаңыз. Егер Белгілі бір адам қол қойған қолданбаларды таңдасаңыз, қол қоюшының аты өрісінде Қол қоюшы аты жолында қол қоюшыны көрсетуіңіз қажет.
Microsoft Store қолданбасы — Ашылмалы мәзірден Microsoft Store қызметінен орнатылған қолданбаны таңдаңыз.
Қызмет — Қолданба орнына жүйелік қызметті таңдауға болады. Қызметті таңдау үшін ашылмалы мәзірді ашыңыз.
Бала процестеріне қолдану — Кейбір қолданбалар бір ғана қолданба терезесін көргенде қосымша процестерді іске қосуы мүмкін. Көрсетілген қолданбадағы әрбір процесс үшін ережені іске қосқыңыз келсе, ауыстырып қосқышты басыңыз.
|
Бағыт
Осы ереже үшін байланыс Бағытын таңдаңыз:
•Екеуі де — Кіру және шығу байланысы
•Кіру — Тек кіру байланысы
•Шығу — Тек шығу байланысы |
IP протоколы
Тек осы ереженің белгілі бір протоколға қолданылғанын қаласаңыз, ашылмалы мәзірден бір Протоколды таңдаңыз.
|
Жергілікті хост
Осы ереже қолданылатын жергілікті мекенжайлар, мекенжайлар ауқымы немесе ішкі желі. Егер мекенжай көрсетілмеген болса, ереже жергілікті хосттармен барлық байланыстар үшін қолданылатын болады. IP мекенжайларын, мекенжай ауқымдарын немесе ішкі желілерді тікелей IP мәтін жолына қосуға немесе IP жиындарының жанындағы Өңдеу түймешігін басу арқылы бұрыннан бар IP жиындарынан таңдауға болады.
|
Жергілікті порт
Жергілікті порт нөмір(лер)і. Ешбір сан жазылмаса, ереже кез келген портқа қолданылатын болады. Бір байланыс портын немесе байланыс порттарының ауқымын қоса аласыз.
|
Қашықтағы хост
Осы ереже қолданылатын қашықтағы мекенжай, мекенжай ауқымы немесе ішкі желі. Ешбір мекенжай көрсетілмесе, ереже қашықтағы хосттары бар барлық байланыстар үшін қолданылады. IP мекенжайларын, мекенжай ауқымдарын немесе ішкі желілерді тікелей IP мәтін жолына қосуға немесе IP жиындарының жанындағы Өңдеу түймешігін басу арқылы бұрыннан бар IP жиындарынан таңдауға болады.
|
Қашықтағы порт
Қашықтағы порт нөмір(лер)і. Ешбір сан жазылмаса, ереже кез келген портқа қолданылатын болады. Бір байланыс портын немесе байланыс порттарының ауқымын қоса аласыз.
|
Профиль
Брандмауэр ережесін нақты Желіге қосылу профильдеріне қолдануға болады.
Кез келген — Ереже қолданыстағы профильге қарамастан кез келген желі қосылымына қолданылады.
Таңдалған — Ереже таңдалған профильге негізделген белгілі бір желі қосылымына қолданылады. Таңдалатын профильдер жанына құсбелгі қойыңыз.
|
|
|
Firefox Веб-браузер қолданбасының Интернет/жергілікті желі веб-сайттарына кіруіне рұқсат етудің жаңа ережесі жасалады:
1.Әрекет бөлімінде Әрекет > Рұқсат ету опциясын таңдаңыз.
2.Қолданба бөлімінде веб-браузердің Қолданба жолын көрсетіңіз (мысалы, C:\Program Files\Firefox\Firefox.exe). Қолданбаның атауының өзін ғана ЖАЗБАҢЫЗ.
3.Бағыт бөлімінде Бағыт > Шығу опциясын таңдаңыз.
4.IP протоколы бөлімінде Протокол ашылмалы мәзірінен TCP & UDP тармағын таңдаңыз.
5.Қашықтағы порт бөлімінде Порт нөмірлерін қосыңыз: стандартты шолуға рұқсат ету үшін: 80 443. |