Желінің түпнұсқалық растамасы желідегі белгілі бір серверді іздейді және серверді аутентификациялау үшін асимметриялық шифрлауды (RSA) пайдаланады. Аутентификацияланатын желінің атауы аутентификация серверінің параметрлерінде орнатылған атауға сәйкес келуі тиіс. Атауда әріптердің үлкен-кішілігі ескеріледі. Сервер атауын IP мекенжайы, DNS немесе NetBios атауы ретінде теруге болады.
ESET Authentication Server жүктеңіз
Жалпы кілтті келесі файл түрлерінің кез келгенін пайдаланып импорттауға болады:
•PEM шифрланған жалпы кілт (.pem). Бұл кілтті ESET аутентификация сервері арқылы жасауға болады
•Шифрланған жалпы кілт
•Жалпы кілт куәлігі (.crt)
Параметрлерді сынау үшін Сынау түймешігін басыңыз. Аутентификациялау сәтті болса, Серверді аутентификациялау сәтті болды хабарландыруы пайда болады. Аутентификациялау дұрыс теңшелмеген болса, келесі қате туралы хабарлардың біреуі шығады:
Серверді аутентификациялау сәтсіз аяқталды. Жарамсыз немесе сәйкес емес қолтаңба.
Сервер қолтаңбасы терілген жалпы кілтке сәйкес келмейді.
Серверді аутентификациялау сәтсіз аяқталды. Желі атауы сәйкес келмейді.
Конфигурацияланған желі атауы түпнұсқалығын растау серверінің желісіне сәйкес емес. Атаулардың екеуін де қарап шығып, бірдей екеніне көз жеткізіңіз.
Серверді аутентификациялау сәтсіз аяқталды. Серверден алынған жауап жарамсыз немесе жауап алынбады.
Сервер іске қосылмаған немесе оған қатынасу мүмкін болмаса, жауап алынбайды. Көрсетілген мекенжайда басқа HTTP сервері іске қосылса, жарамсыз жауап алынуы мүмкін.
Жарамсыз жалпы кілт енгізілді.
Терілген жалпы кілт файлы бүлінбегенін тексеріңіз.
|