ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Жоспарлы қарап шығу опциялары

Бұл терезеде жоспарланған компьютерді қарап шығу тапсырмасының кеңейтілген опцияларын көрсетуге болады.

Тазалау әрекеті жоқ сканерлеуді іске қосу үшін Кеңейтілген параметрлер түймешігін басып, Тазалаусыз қарап шығу пәрменін таңдаңыз. Қарап шығу журналы қарап шығу журналына сақталады.

Қиыс жағдайларды елемеу таңдалған болса, бұрын қарап шығуға қосылмаған кеңейтімдері бар файлдар ерекшеліксіз қарап шығылады.

Қарап шығудан кейінгі шара ашылмалы мәзірінен қарап шығудан кейін автоматты түрде орындалатын әрекетті орнатуға мүмкіндік береді:

Әрекет жоқ – Қарап шығу аяқталғаннан кейін әрекет орындалмайды.

Өшіру – Компьютер қарап шығу аяқталғаннан кейін өшеді.

Қажет болса қайта іске қосу – Қажет болса, компьютер тек анықталған қауіптерді тазалауды аяқтау үшін ғана өшіп, қайта қосылады.

Қайта іске қосу – Барлық ашық бағдарламаларды жабады, сөйтіп қарап шығу аяқталғаннан кейін компьютерді қайта іске қосады.

Қажет болған жағдайда мәжбүрлеп қайта іске қосу – Қажет болса, компьютер тек анықталған қауіптерді тазалауды аяқтау џшін ғана өшіп, қайта қосылады.

Мәжбүрлеп Қайта іске қосу — пайдаланушылардың өзара әрекеттесуін күтпей барлық ашық бағдарламаларды мәжбүрлеп жабу және қарап шығу аяқталғаннан кейін компьютерді қайта іске қосау.

Ұйқы – Сеансты сақтайды және компьютерді төмен қуат күйіне қояды, осылайша, сіз жұмыс істеуді жылдам жалғастыра аласыз.

Гибернация – ЖЖҚ ішінде жұмыс істеп жатқандардың барлығын алып, қатты дискідегі арнайы файлға жылжытады. Компьютер өшеді, бірақ келесі іске қосқанда алдыңғы күйден жалғастырады.


note

Ұйқы немесе Гибернация әрекеттері компьютеріңіздің операциялық жүйесінің «Іске қосу және ұйқы» параметрлеріне және/немесе компьютердің/ноутбуктің мүмкіндіктеріне байланысты қолжетімді болады. Ұйықтап жатқан компьютер әлі жұмыс істеп тұрған компьютер екенін есте сақтаңыз. Компьютер батарея қуатынан жұмыс істеп жатқанда онда әлі де негізгі функциялар жұмыс істеп жатады және электр қуаты пайдаланылып жатады. Батареяның қуатын үнемдеу үшін, мысалы, кеңседен тыс шыққанда, «Гибернация» опциясын пайдалану ұсынылады.

Таңдалған әрекет барлық іске қосылған қарап шығу аяқталғаннан кейін басталады. Өшіру немесе Өшіріп-қосу опциясын таңдаған кезде, растау диалог терезесінде 30 секундтық кері санақ көрсетіледі (сұралған шараны өшіру үшін Бас тарту түймешігін басыңыз).

Артықшылықтары жоқ пайдаланушылардың қарап шығудан кейін орындаған әрекеттерін тоқтату мүмкіндігіне тыйым салу үшін Қарап шығудан бас тарту мүмкін емес параметрін таңдаңыз.

Шектеулі пайдалнушыға көрсетілген уақыт кезеңі бойы компьютерді қарап шығуды кідіртуге рұқсат еткіңіз келсе, Пайдаланушы қарап шығуды (мин) кідірте алады опциясын таңдаңыз.

Сондай-ақ, Қарап шығу барысын қараңыз.