Желіге қосылу деректері
Желі байланыстары тізіміндегі байланысты екі рет басу арқылы желілік адаптер мәліметтерімен бірге оның да мәліметтерін көріңіз. Желі байланысы және адаптер мәліметтері желіге кіруді қорғау параметрлерін конфигурациялауға тырысып жатқан желіні анықтауға көмектеседі.
Желіге қосылу деректері:
•Желі байланысының күйі
•Желiнiң бiрiншi рет анықталған күнi мен уақыты
•Желінің соңғы рет белсенді болған уақыты
•Осы желіде байланыста болған жалпы уақыт
•Windows жүйесінде анықталған желіге қосылу профилі
•Желіні қорғау параметрлерін конфигурациялау (желі сенімді ме, жоқ па)
Желілік адаптер мәліметтері:
•Байланыс түрі (сымды, виртуалды және т.б.)
•Желілік адаптердің атауы
•Адаптер сипаттамасы
•IP мекенжайы мен MAC мекенжайы
•Ішкі желісі бар желінің IPv4 және IPv6 мекенжайы
•DNS жұрнағы
•DNS серверінің IP мекенжайы
•DHCP серверінің IP мекенжайы
•Әдепкі шлюздің IP және MAC мекенжайы
•Адаптердің MAC мекенжайы