ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Брандмауэр ережелерін қосу не өңдеу

Брандмауэр ережелері дегеніміз барлық желілік қосылымдарды тексеру үшін пайдаланылатын бірқатар шарттар жиынын және осы шарттарға тағайындалған барлық әрекеттерді білдіреді. Брандмауэр ережелерін түзету немесе қосу ереже әсер еткен қолданбаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін желі параметрлері өзгергенде (мысалы, қашықтағы жаққа арналған желі мекенжайы немесе порт нөмірі өзгергенде) талап етілуі мүмкін. Тәжірибелі пайдаланушы реттелетін Брандмауэр ережелерін жасауы керек.


note

Суреттері бар нұсқаулар

ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін:

ESET брандмауэрінде белгілі бір портты ашу немесе жабу (рұқсат ету немесе тыйым салу)

Брандмауэр ережесін ESET Internet Security ішіндегі журнал файлдарынан жасау

Брандмауэр ережесін қосу немесе өңдеу үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Желіге кіруден қорғау > Брандмауэр > Ережелері > Өңдеу бөлімін ашыңыз. Брандмауэр ережелері терезесінде Қосу немесе Өңдеу түймешігін басыңыз.

DIALOG_EPFW_RULE_CREATE_GENERAL

Атауы — Ереже атауын теріңіз.

Іске қосылған — Ережені белсенді ету үшін ауыстырып қосқышты басыңыз.

Брандмауэр ережесі үшін әрекеттер мен шарттарды қосу:

arrow_down_home Әрекет

arrow_down_home Қолданба

arrow_down_home Бағыт

arrow_down_home IP протоколы

arrow_down_home Жергілікті хост

arrow_down_home Жергілікті порт

arrow_down_home Қашықтағы хост

arrow_down_home Қашықтағы порт

arrow_down_home Профиль


example

Firefox Веб-браузер қолданбасының Интернет/жергілікті желі веб-сайттарына кіруіне рұқсат етудің жаңа ережесі жасалады:

1.Әрекет бөлімінде Әрекет > Рұқсат ету опциясын таңдаңыз.

2.Қолданба бөлімінде веб-браузердің Қолданба жолын көрсетіңіз (мысалы, C:\Program Files\Firefox\Firefox.exe). Қолданбаның атауының өзін ғана ЖАЗБАҢЫЗ.

3.Бағыт бөлімінде Бағыт > Шығу опциясын таңдаңыз.

4.IP протоколы бөлімінде Протокол ашылмалы мәзірінен TCP & UDP тармағын таңдаңыз.

5.Қашықтағы порт бөлімінде Порт нөмірлерін қосыңыз: стандартты шолуға рұқсат ету үшін: 80 443.