ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

ESET Internet Security бағдарламасымен жұмыс істеу

ESET Internet Security параметрлерін орнату опциялары компьютердің және желінің қорғау деңгейлерін реттеуге мүмкіндік береді.

PAGE_SETUP

Орнату мәзірі келесі бөлімдерге бөлінген:

ICON_COMPUTER_PROTECTION Компьютерді қорғау

ICON_INTERNET_PROTECTION Интернетті қорғау

ICON_NETWORK_PROTECTION Желіні қорғау

ICON_SECURITY_TOOLS Қауіпсіздік құралдары
 

Тиісті қорғау модулінің кеңейтілген параметрлерін реттеу үшін құрамдасты басыңыз.

Компьютер қорғаныс параметрлерін орнату келесі компоненттерді қосуға немесе ажыратуға мүмкіндік береді:

Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау — Барлық файлдар ашылғанда, жасалғанда немесе іске қосылғанда, оларда зиянды кодтың бар-жоғы тексеріледі.

Құрылғыны басқару - Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды қарап шығуға, блоктауға немесе реттеуге және пайдаланушының осы құрылғыға (CD/DVD/USB...) кіру және жұмыс істеу жолын таңдауға мүмкіндік береді.

HIPS - HIPS жүйесі операциялық жүйедегі оқиғаларды бақылайды және оларға теңшелген ережелер жиынына сай жауап береді.

Ойыншы режимі - Ойыншы режимін қосады немесе өшіреді. Ойыншы режимін қосқаннан кейін сіз ескерту хабарын (ықтимал қауіпсіздік қаупі) аласыз және негізгі терезе қызғылт сары түске боялады.

Веб-камераны қорғау — Компьютерге қосылған камераға қатынасатын процестер мен қолданбаларды басқарады.

Интернетті қорғау параметрлерін орнату келесі компоненттерді қосуға немесе ажыратуға мүмкіндік береді:

Веб-қатынасты қорғау — Қосылған болса, HTTP немесе HTTPS арқылы өтетін бүкіл трафикте зиянды бағдарлама бар-жоғы қарап шығылады.

Электрондық пошта клиентін қорғау — POP3(S) және IMAP(S) протоколдары бойынша алынатын байланысын бақылайды.

Спамнан қорғау — Қалаусыз электрондық поштаны, яғни, спамды қарап шығады.

Антифишингтік қорғау — Пайдаланушыларды құпия мәліметтерді жіберуде басқаруға арналған таратылатын күмәнді мазмұны бар веб-сайттарды тексереді.

Желіні қорғау бөлімі Брандмауэрды, Желілік шабуылдардан қорғауды (IDS) және Ботнеттен қорғауды қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді.

Ќауіпсіздік ќђралдары параметрлерін орнату келесі модульдерді реттеуге мџмкіндік береді:

Банк тљлемдерін ќорѓау — онлайн транзакциялар кезінде ќаржылыќ деректерді ќорѓауѓа арналѓан браузер ќорѓанысыныњ ќосымша ќабатын ендіреді. Барлыќ ќолдау кљрсетілетін веб-браузерлерді ќорѓалѓан режимде іске ќосу џшін Барлыќ браузерлерді ќауіпсіздендіру мџмкіндігін іске ќосыњыз. Толыѓыраќ аќпаратты Банк тљлемдерін ќорѓау бљлімінен кљріњіз.

Anti-Theft – Компьютерді ђрланудан не жоѓалудан ќорѓау џшін Антиұры ќызметін іске ќосыњыз.

Ата-ана бақылауы жағымсыз материалды қамтуы мүмкін веб-беттерді бұғаттайды. Сонымен қатар, ата-аналар 40-ға дейінгі алдын ала анықталған веб-сайт санаттарына және 140-тан аса ішкі санатқа кіруге тыйым сала алады.

Өшірілген қауіпсіздік компонентін қайта қосу үшін жүгірткіні MODULE_DISABLED басып, Іске қосылған қауіпсіздік компоненті жасыл ауыстырып қосқыш белгішесін MODULE_ENABLED қамтиды.

Орнату терезесінің төменгі жағында қосымша опциялар қол жетімді. Кеңейтілген орнату сілтемесін әрбір модуль үшін егжей-тегжейлі параметрлерді орнату үшін пайдаланыңыз. Импорттау/экспорттау параметрлері тармағын .xml конфигурация файлын пайдаланып орнату параметрлерін жүктеу немесе ағымдағы орнату параметрлерін конфигурация файлына сақтау үшін пайдаланыңыз.