ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Кеңейтілген қарап шығу опциялары

Осы терезеде компьютердің жоспарланған қарап шығуының кеңейтілген параметрлерін көрсете аласыз. Ашылмалы мәзірді пайдалану арқылы қарап шығу аяқталғаннан кейін автоматты түрде орындалатын әрекетті орнатуға болады:

  • Өшіру – Компьютер қарап шығу аяқталғаннан кейін өшеді.
  • Қайта жүктеу – Барлық ашық бағдарламаларды жабады, сөйтіп қарап шығу аяқталғаннан кейін компьютерді қайта іске қосады.
  • Қажет болса қайта іске қосу – Қарап шығу процесі қажет етсе барлық ашық бағдарламаларды жауып, компьютерді қайта іске қосады.
  • Ұйқы – Сеансты сақтайды және компьютерді төмен қуат күйіне қояды, осылайша, сіз жұмыс істеуді жылдам жалғастыра аласыз.
  • Гибернация – ЖЖҚ ішінде жұмыс істеп жатқандардың барлығын алып, қатты дискідегі арнайы файлға жылжытады. Компьютер өшеді, бірақ келесі іске қосқанда алдыңғы күйден жалғастырады.
  • Әрекет жоқ – Қарап шығу аяқталғаннан кейін әрекет орындалмайды.

note

Ұйықтап жатқан компьютер әлі жұмыс істеп тұрған компьютер екенін есте сақтаңыз. Компьютер батарея қуатынан жұмыс істеп жатқанда онда әлі де негізгі функциялар жұмыс істеп жатады және электр қуаты пайдаланылып жатады. Батареяның қуатын үнемдеу үшін, мысалы, кеңседен тыс шыққанда, «Гибернация» опциясын пайдалану ұсынылады.

Артықшылықтары жоқ пайдаланушылардың қарап шығудан кейін орындаған әрекеттерін тоқтату мүмкіндігіне тыйым салу үшін Әрекеттен пайдаланушы бас тарта алмайды параметрін таңдаңыз.

Шектеулі пайдалнушыға көрсетілген уақыт кезеңі бойы компьютерді қарап шығуды кідіртуге рұқсат еткіңіз келсе, Пайдаланушы қарап шығуды (мин) кідірте алады опциясын таңдаңыз.

Сондай-ақ, Қарап шығудың орындалу барысы тарауын қараңыз.