ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Microsoft Outlook құралдар тақтасы

Microsoft Outlook қорғанысы қосылатын модуль ретінде жұмыс істейді. ESET Endpoint Security бағдарламасын орнатқаннан кейін осы антивирустық/антиспам қорғау опциялары Microsoft Outlook бағдарламасына қосылады:

Спам - Таңдалған хабарларды спам деп белгілейді. Белгілегеннен кейін хабардың «ізі» спам қолтаңбаларын сақтайтын орталық серверге жіберіледі. Егер сервер бірнеше пайдаланушыдан ұқсас «іздер» алса, хабар алдағы уақытта спам ретінде жіктелетін болады.

Спам емес - Таңдалған хабарларды спам емес деп белгілейді.

Спам мекенжайы (қара тізім, спам мекенжайларының тізімі) - Жаңа жіберушінің мекенжайын қара тізімге қосады. Тізімнен алынған барлық хабарлар спам ретінде автоматты түрде жіктеледі.


warning

Электрондық пошта алушыларын алдап оқу және жауап беру үшін пайдаланылатын спуфингтен – электрондық пошта мекенжайындағы жіберушінің қолдан жасалған мекенжайынан сақтаныңыз.

Сенімді мекенжай (рұқсатты тізім, сенімді мекенжайлардың тізімі) – Жаңа жіберушіні рұқсатты тізімге қосады. Рұқсатты тізімдегі мекенжайлардан алынған барлық хабарлар спам ретінде ешқашан автоматты түрде жіктелмейді.

– Белгішені басу ESET Endpoint Security бағдарламасының негізгі терезесін ашады.ESET Endpoint Security

Хабарларды қайта қарап шығу - Электрондық поштаны тексеруді қолмен іске қосуға мүмкіндік береді. Тексерілетін хабарларды көрсетуге болады және алынған электрондық поштаны қайта қарап шығуды іске қосуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Электрондық пошта клиентін қорғау бөлімін қараңыз.

Қарап шығу құралының параметрлері - Электрондық пошта клиентін қорғау параметрлерінің опцияларын көрсетеді.

Спамға қарсы параметрлер - Спамнан қорғау параметрлерінің опцияларын көрсетеді.

Мекенжай кітапшалары - Шығарылған, сенімді және спамер мекенжайларының тізімдеріне қатынауға болатын спамға қарсы қорғау терезесін ашады.