URL топтары
URL топтары ережені жасау керек бірнеше URL сілтемесін қамтитын топты жасауға мүмкіндік береді (нақты веб-сайтқа рұқсат ету/тыйым салу).
Жаң URL мекенжайы тобын жасау
Жаңа URL мекенжайы тобын жасау үшін Қосу опциясын басыңыз және жаңа URL мекенжайы тобының атауын енгізіңіз.
URL мекенжайы тобын пайдалану әкімші басқа веб-беттерге (таңдау негізінде блокталған немесе рұқсат етілген) ереже жасағысы келген кезде пайдалы болуы мүмкін.
URL мекенжайларын URL мекенжайы тобы тізіміне қосу — қолмен
Тізімге жаңа URL мекенжайын қосу үшін, URL мекенжайы тобын таңдаңыз және терезенің төменгі оң жағындағы Қосу опциясын басыңыз.
URL мекенжайлары тізімінде * (жұлдызша) және ? (сұрау белгісі) арнайы таңбаларын пайдалану мүмкін емес.
http:// немесе https:// қосып, доменнің толық атауын енгізу қажет емес.
Егер топқа домен қоссаңыз, осы доменде және ішкі домендерде орналасқан барлық мазмұн (мысалы, sub.examplepage.com) таңдалған URL мекенжайы негізіндегі әрекетке қарай блокталады немесе рұқсат етіледі.
Егер бірінші ереже доменді блоктайтын және екінші ереже бірдей доменге рұқсат ететін екі ереже арасында қайшылық болса, белгілі бір домен немесе IP мекенжайы бәрібір блокталады. Ережелер жасау туралы қосымша ақпарат бойынша URL мекенжайы негізіндегі әрекетті қараңыз.
URL мекенжайларын URL мекенжайы тобы тізіміне қосу — .txt файлын пайдаланып импорттау
URL мекенжайлары тізімімен файлды импорттау үшін Импорттау опциясын басыңыз (мәндерді жол үзілімімен бөліңіз, мысалы, UTF-8 кодтауын пайдаланатын .txt файлы). URL мекенжайлары тізімінде * (жұлдызша) және ? (сұрау белгісі) арнайы таңбаларын пайдалану мүмкін емес.
Веб басқаруда URL мекенжайы топтарын пайдалану
Егер белгілі бір URL мекенжайы тобы үшін орындалатын әрекетті орнатқыңыз келсе, Веб басқару ережелері өңдегіші опциясын ашыңыз, ашылмалы мәзір арқылы URL мекенжайы тобын таңдаңыз, басқа параметрлерді реттеп, OK түймесін басыңыз.
Нақты веб-бетті блоктау немесе оған рұқсат ету веб-беттердің тұтастай санатын блоктау немесе оған рұқсат етуден дәлірек болады. Осы параметрлерді өзгерткенде және тізімге санатты/веб-бетті қосқанда сақ болыңыз. |