ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Жалаушалар қалай жұмыс істейді

Клиенттік компьютерге қолданылатын саясат әдетте бір соңғы саясатқа біріктірілетін бірнеше саясат нәтижесі болады. Саясаттарды біріктірген кезде саясат жалаушалары арқылы қолданылған саясаттар ретіне байланысты соңғы саясаттан күтілетін әрекетті реттеуге болады. Жалаушалар саясаттың белгілі бір параметрді өңдеуін белгілейді.

Әрбір параметр үшін мына жалаушалардың біреуін таңдауға болады:

icon_no_apply_policy Қолданылмайды

Осы жалауша бар кез келген параметрді саясат орнатпайды. Параметрді саясат орнатпағасын, оны кейін қолданылған басқа саясаттармен өзгертуге болады.

icon_apply_policy Қолдану

«Қолдану» жалаушасы бар параметрлер клиенттік компьютерге қолданылады. Дегенмен, саясаттарды біріктірген кезде оны кейін қолданылған басқа саясаттармен қайта жазуға болады. Саясат осы жалаушамен белгіленген параметрлер бар клиенттік компьютерге жіберілген кезде осы параметрлер клиенттік компьютердің жергілікті конфигурациясын өзгертеді. Параметр мәжбүрлі түрде қамтамасыз етілмегесін, оны бәрібір кейін қолданылған басқа саясаттармен өзгертуге болады.

icon_force_policy Бір рет

«Мәжбүрлеу» жалаушасы бар параметрлер басымдыққа ие және оларды кейін қолданылған саясатпен қайта жазу мүмкін емес (тіпті «Мәжбүрлеу» жалаушасы болса да). Бұл кейін қолданылған басқа саясаттардың біріктіру кезінде осы параметрді өзгерте алмауын қамтамасыз етеді. Саясат осы жалаушамен белгіленген параметрлер бар клиенттік компьютерге жіберілген кезде осы параметрлер клиенттік компьютердің жергілікті конфигурациясын өзгертеді.


example

Сценарий: Әкімші Ерлан деген пайдаланушыға басты топтағы саясаттарды жасау немесе өңдеу және icon_force_policy Мәжбүрлеу жалаушалары бар саясаттарды қоса Әкімші жасаған барлық саясаттарды көру рұқсатын бергісі келеді. Әкімші Ерланның барлық саясаттарды көруін, бірақ Әкімші жасаған бар саясаттарды өңдемеуін қалайды. Ерлан өзінің басты Сан-Диего тобы ішіндегі саясаттарды ғана жасай не өңдей алады.

Шешімі:Әкімші осы қадамдарды орындауы керек:

Теңшелетін статикалық топтар және рұқсат жиындарын жасау

  1. Сан-Диего деп аталатын жаңа Статикалық топ жасау.
  2. Барлығы статикалық тобына қатынасы және Саясаттар үшін Оқу рұқсаты бар Саясат - Барлық Ерлан деп аталатын жаңа Рұқсаттар жиынын жасау.
  3. Сан-Диего статикалық тобына қатынасы, Топ және компьютерлер және Саясаттар үшін функциялық қатынастың Жазу рұқсаты бар Саясат Ерлан деп аталатын жаңа Рұқсаттар жиынын жасау. Бұл рұқсаттар жиыны Ерланға басты Сан-Диего тобындағы саясаттарды жасау немесе өңдеу мүмкіндігін береді.
  4. Жаңа пайдаланушы Ерлан жасау және Рұқсаттар жиындары бөлімінде Саясат - Барлық Ерлан және Саясат Ерлан параметрін таңдау.

Саясаттар жасау

  1. Жаңа саясат Барлығы- Брандмауэрді қосу жасау, Параметрлер бөлімін кеңейту, Windows үшін ESET Endpoint параметрін таңдау, Жеке Брандмауэр > Негізгі тармағына өту және icon_force_policy Мәжбүрлеу жалаушасымен барлық параметрлерді қолдану. Тағайындау бөлімін кеңейту және Барлығы статикалық тобын таңдау.
  1. Жаңа саясатты Ерлан тобы- Брандмауэрді қосу жасау, Параметр бөлімін кеңейту, Windows үшін ESET Endpoint параметрін таңдау, Жеке Брандмауэр > Негізгі тармағына өту және icon_apply_policy Қолдану жалаушасымен барлық параметрлерді қолдану. Тағайындау бөлімін кеңейту және Сан-Диего статикалық тобын таңдау.

Нәтиже

Әкімші жасаған саясаттар алдымен қолданылады, себебі icon_force_policy Мәжбүрлеу жалаушалары саясат параметрлеріне қолданылған. «Мәжбүрлеу» жалаушасы қолданылған параметрлер басымдыққа ие және оларды кейін қолданылған саясатпен қайта жазу мүмкін емес. Ерлан деген пайдаланушы жасаған саясаттар Әкімші жасаған саясаттардан кейін қолданылады.

Соңғы саясат ретін көру үшін, Көбірек > Топтар > Сан Диего тармағына өтіңіз. Компьютерді таңдаңыз және Мәліметтерді көрсету пәрменін таңдаңыз. Конфигурация бөліміндегі Қолданылған саясаттар параметрін таңдаңыз.