Жүйе талаптары

ESET Endpoint Security бағдарламасы біркелкі әрекет етуі үшін жүйенің аппараттық құралдары мен бағдарламалық құралдары мына талаптарға сай болуы керек (әдепкі өнім параметрлері):

Қолдау көрсетілетін процессорлар

Intel немесе AMD процессоры, 32 битті (x86) SSE2 пәрмендер жиынтығымен немесе 64 битті (x64), 1 Ггц не одан жоғары

Операциялық жүйелер

Microsoft® Windows® 10

Microsoft® Windows® 8.1

Microsoft® Windows® 8

Соңғы Windows жаңартулары (кемінде KB4474419 және KB4490628) бар Microsoft® Windows® 7 SP1 жүйесі

Windows XP және Windows Vista жүйелеріне енді қолдау көрсетілмейді.


important

Операциялық жүйені үнемі жаңартып тұрыңыз.

Басқа

Операциялық жүйенің және компьютерде орнатылған басқа бағдарламалық құралдардың жүйелік талаптары орындалған

0,3 ГБ бос жүйелік жад (1-ескертпені қараңыз)

1 ГБ дискідегі бос орын (2-ескертпені қараңыз)

Ең төмен дисплей ажыратымдылығы: 1024x768

Өнім жаңартуларының көзіне (3-ескертпені қараңыз) Интернет байланысы немесе жергілікті желі байланысы

Бір құрылғыда бір уақытта жұмыс істейтін екі антивирустық бағдарлама жүйелік ресурстың қайшылықтарын тудырады, мысалы, жұмыс істеуіне жол бермейтін жүйе жұмысының баяулауы

Өнімді осы талаптарға сай емес жүйелерде орнату және іске қосу мүмкін болғанымен, өнімділік талаптарының негізінде алдын ала пайдалану ыңғайлылығын сынау ұсынылады.


note

(1): Қатты вирус жұққан компьютерде жад басқалай пайдаланылмаса немесе өнімге деректердің үлкен тізімдері импортталып жатса (мысалы, URL мекенжайларының ақ тізімдері), өнім көбірек жад пайдалануы мүмкін.
(2): Орнатушыны жүктеу, өнімді орнату және бағдарлама деректеінде орнату бумасының көшірмесін, сонымен бірге, қалпына келтіру мүмкіндігін қолдау үшін өнім жаңартуларының сақтық көшірмелерін сақтау үшін дискіде бос орын қажет. Өнім әр түрлі жағадйларда (мысалы, өнім жаңартуларының сақтық көшірмелерінің көбірек нұсқалары сақталғанда, жад дамптары немесе журнал жазбаларының үлкен мөлшерлері сақталады) немесе вирустар жұққан компьютерде (мысалы, карантин мүмкіндігіне байланысты) дискіде көбірек бос орын пайдалануы мүмкін. Операциялық жүйенің жаңартуларын және ESET өнім жаңартуларын қолдау үшін дискіде жеткілікті бос орын сақтау ұсынылады.
(3): Ұсынылмағанымен, өнімді алынбалы тасушыдан қолмен жаңартуға болады.