Қарап шығудың орындалуы

Қарап шығудың орындалу барысының терезесі қарап шығудың ағымдағы күйін және зиянды код бар екені анықталған файлдар саны туралы ақпаратты көрсетеді.

SCAN_WINDOW


note

Құпиясөзбен қорғалған немесе жүйе ғана пайдаланатын файлдар (әдетте pagefile.sys және белгілі бір жұрнал файлдары) сияқты файлдарды қарап шығудың мүмкін болмауы қалыпты жағдай.

Қарап шығудың орындалу барысы – орындалу барысы жолағы әлі қарап шығуды күтіп жатқан нысандармен салыстырғандағы қарап шығылған нысандардың күйін көрсетеді. Қарап шығудың орындалу барысының күйі қарап шығуға қосылған нысандардың жалпы санынан алынады.

Нысан – қазіргі уақытта қарап шығып жатқан нысан атауы және оның орны.

Қауіптердің саны – қарап шығу кезінде табылған қауіптердің жалпы санын көрсетеді.

Кідірту – қарап шығуды кідіртеді.

Жалғастыру – бұл опция қарап шығудың орындалуы кідіртілгенде көрсетіледі. Қарап шығуды жалғастыру үшін Жалғастыру түймеcін басыңыз.

Тоқтату – қарап шығуды тоқтатады.

Қарап шығу жұрналын айналдыру – қосылған болса, жаңа жазбалар қосылғанда қарап шығу жұрналы автоматты түрде төмен айналады, осылайша ең соңғы жазбалар көрсетіледі.

SCAN_WINDOW_BACKGROUND