Веб басқару
Веб басқару бөлімі компанияны құқықтық жауапкершілік қаупінен қорғайтын параметрлерді конфигурациялау мүмкіндігін береді. Веб басқару зияткерлік меншік құқықтарын бұзуы мүмкін веб-сайттарға қатынасты реттейді. Мақсат қызметкерлерді сәйкес емес немесе зиянды мазмұн бар беттерге немесе жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін беттерге кіруіне жол бермеу болып табылады.
Веб басқару ықтимал тіл тигізетін материал болуы мүмкін веб-беттерді блоктауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер немесе жүйе әкімшілері 27-ге дейін алдын ала анықталған веб-сайт санаттарына және 140-тан аса ішкі санатқа кіруге тыйым сала алады.
Әдепкі бойынша, Веб басқару өшіріледі. Веб басқаруды іске қосу үшін:
1.Кеңейтілген орнату опциясына кіру үшін F5 пернесін басыңыз және Веб және электрондық пошта > Веб басқару тармағын кеңейтіңіз.
2.Веб басқаруды ESET Endpoint Security қолданбасында іске қосу үшін Веб басқаруды қосу опциясын таңдаңыз.
3.Белгілі бір веб-беттерге қатынасты конфигурациялау үшін, Веб басқару ережелері өңдегіші терезесіне кіру мақсатында Ережелер жанындағы Өңдеу опциясын басыңыз.
Блокталған веб-бет хабары және Веб-бет графикасын блоктау өрістері сізге веб-сайт блокталған кезде көрсетілетін хабарды оңай теңшеуге мүмкіндік береді.
Барлық веб-беттерді блоктау және тек кейбіреулерін қолжетімді етіп қалдыру қажет болған жағдайда URL мекенжайларын басқару бөлімін пайдаланыңыз. |